СОР № 1 Казахский язык и литература 6 класс Абайды оқы, таңырқа!
НазадАбайды оқы, таңырқа!
Задание:
Мәтіндерді мұқият оқып, берілген кесте бойынша түрлерін салыстырыңыз.
1-мәтін Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қаламызда өтетін дәстүрлі қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырамыз! Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 150-ден астам қолөнер шеберлері қатысып, өз өнерлерін көрсетеді. «Алтын алма» көрмесінде жарқын да ерекше заттарды тамашалап көрумен қатар, қолөнердің қай түріне икеміңіз бар екенін байқап, өзіңіз үшін жаңа хобби таба аласыз. Байқаудың өтетін мерзімі мен орны: 2017 жылдың 30 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы және «Алтын алма» атты Орта Азиялық дәстүрлі қолөнер көрмесі.
2-мәтін Құрметті оқушылар! Егер сіз сазбен жұмыс үйірмесінің мүшесі болсаңыз, сіздің шығармашылық қабілетіңізді шыңдаймыз! Сазбен жұмыс үйірмесі әр оқушының жеке шығармашылығын дамытуға зор үлесін қосады! Үш жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан үйірменің шәкірттері өз шеберліктерін түрлі байқауларда көрсетіп келеді. Сазбен әртүрлі заттарды қолдан жасауға дайынсыз ба? Ендене сазбен жұмыс үйірмесіне қатысыңыз! Қапы қалмаңыз! Үйірмеге қатысатын болсаңыз хабарласыңыз! Үйірме жетекшісі: Кендебайұлы Шынболат. Байланыс телефоны: +7(775) 357 25 65
Жоғарыдағы мәтіндерге талдау жасап, кестені толтырыңыз.