СОР № 1 Казахская литература 8 класс М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Назад
Казахская литература - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Задание:

Шығармадан жанама және тура мінездеуге мысалдар келтіріңіз.

Решение:

Жанама және Тура мінездеме

Басты кейіпкер Жамал — өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиышылық болса да күресуге дайын.

 

Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Медресе бітірген,  мұғалім болып қызмет атқарған. Саудамен айналысады. Ынталы жігіт. Сүйгені үшін жанын құрбан етуге дайын.

 

Сәрсенбай – жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы бар бай, момын адам. Байлықтың буы басын айналдырып, болыстыққа таласады. Байлығын босқа шашып, сайланбай қалады. Өзіне жақтас іздеп, болыстың інісі Байжанмен құда болуды ойлайды.

 

Байжан – құбылмалы, қатаң адам.

 

Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ.