СОР № 1 Казахская литература 8 класс Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»

Назад
Казахская литература - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»

Задание:

Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің жаңашылдығы неде? Әңгіменің өзіндік ерекшелігі туралы талдап, бағалаңыз.

Решение:

Шығарма бір ғана Ләйләнің өмірін мысалға ала отырып, Семей полигонының елге тигізген зардабын, өмір қиындықтарын, барға қанағат ету керектігін көрсетеді. Сол кездегі халық өмірі де баяндалған. Адам мінезінің әртүрлі болатындығын түсіндіреді, өзгенің өміріне күле қарамай, түсіністік танытуға шақыратын шығарма. 

«Мәңгілік бала бейне» — күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі. Театр сахнасындағы қойылымның да, фильмнің де әлі күнге дейін танымалдылығы жоғары. Өте сәтті әрі табысты шығарма. «Мәңгілік бала бейне» — атом сынақтардан зардап шеккен полигон құрбандарының ғана өмірін емес, күллі адамзаттың қасіретін бейнелейтін шығарма.