СОР № 1 Казахский язык 8 класс Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис

Задание:

Мәтінді оқыңыз.
Қарағанды Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала, жебелей басқан әйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына иірілді. Одан-бұдан жиыла-жиыла, кішігірім топ құралды. – Қарағандыны жүргізуге келіпті! – Донбастың мастерлері, – дейді. – Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді!». Көп ішінде сыбыр-күбір осылай жүріп жатты. Ермек қалтасынан бір уыс кілтті суырып, Щербаковқа ұсынды: – Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, енді зауыт кілтін өз қолыңызға алыңыз. Щербаков кілтті алған соң, тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды да, кішірек көкшіл көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңітіп жіберген тәрізді. Қолын көтере, сол далаға меңзей: – Жолдастар! – деді жуан дауыспен. Күдістеу кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор, салмақты шықты. – Осы далада Апақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін тапқалы жүзге жуық жылдар өтіп барады. Содан бері орыс-ағылшын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен бәрін ашамыз. Коммунистік партия, кеңес өкіметі жіберді бізді. Қазақ даласында сталиндік бесжылдық жоспарды орындауға көмекке келдік. Бұл бесжылдықта мешеу Қарағанды Кеңес Одағындағы ірі өндірістердің қатарына қосылады. Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Ол күшті ұйымдастыра білсек, біз алмайтын қамал жоқ… Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация жазыңыз.

Решение:

Қарағанды темір заводының ашылу салтанаты басталыпта кетті. Завод иесі кілтті қолына алды. Сонан соң ерте кездегі тарихтан сыр шертілді. Алда әлі талай жұмыс бар екені айтылып, бірлесіп жұмыс атқарауға бел буды.