СОР № 1 Казахский язык 8 класс Жасөспірім және заң. Синтаксис

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Жасөспірім және заң. Синтаксис

Задание:

Мәтінді оқыңыз.
Жеткіншектер арасында қылмыс азаймай тұр 2017 жылдың он айында Астанада кәмелеттік жасқа толмағандар 146 рет қылмыстық құқықбұзушылық жасаған көрінеді. Бұл деректі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді. Бірақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық құқықбұзушылықта алдына «қара салмай тұрған» өңір – Оңтүстік Қазақстан облысы. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында құқықбұзушылық картасы орналастырылған. Аталған дерек көздеріндегі мәліметтерге жүгінсек, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс ОҚО да 415 рет тіркелсе, Шығыс Қазақстан облысында 274, Алматы облысында 254 рет тіркеліпті. Балалар мен жеткіншектердің тәртіп-тәрбиесі ең жақсы өңір ретінде Павлодар облысын атауға болады. Кереку жерінде жеткіншектердің арасында 52 қылмыс тіркеліпті. Ал біздің сөз етіп отырған Астана топ ортасында екен. Егер Елорданың қай бөлігінде жеткіншектер тәртіп көп бұзады дегенге тоқталсақ, Алматы ауданы көш бастап тұр. Онда жыл басынан бері жеткіншектер қолымен жасалған 69 қылмыс тіркелсе, Сарыарқа ауданында 64, Есіл ауданында 18 қылмыс болыпты. Демек, Есіл өзенінің оң жағалауында қылмыс көбірек жасалатын болса керек… Астанада 14-15 жастағы жеткіншектер 25, 16-17 жастағылар 121 рет қылмыс жасапты. Соңғы топтың ішінде 40 оқушы, 46 колледж оқушысы, 46 жоғары оқу орындарының студенті бар екен. Ал 14 адам еш жерде оқымайтын һәм жұмыс істемейтін бозбалалар мен бойжеткендер болса керек. Әдетте жұмыссыздар мен оқу оқымайтын жастардың арасында қылмыс көп кездесетіндігі жөнінде стереотип болғанымен, іс жүзінде білім алып жүрген жасөспірімдер мен жеткіншектер көп қылмыс жасапты. Бір атап өтер жайт, қылмыс құрамында ұрлық-қарлық пен адам тонаудың үлесі мол болған. Ол тіпті былтырғыға қарағанда өсіп кеткен көрінеді.

Мәтіннен сандық деректерді іріктеп алыңыз. Оларды автор қандай мақсатта қолданған? Олар нені аңғартады? Өз ойыңызды хабарлы, сұраулы, бұйрықты, сұраулы сөйлемдерді қатыстыра отырып, жеткізіңіз.

Решение:

Сандық деректердің арқасында автор арнайы статистикалық мәліметтер мен факттерді кешенді пайдану арқасында мәтінді түсінікті жеькізе білді