СОР № 1 Казахский язык 8 класс Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация

Назад
Казахский язык - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қазақстандағы туризм және экотуризм. Пунктуация

Задание:

Мәтін үзіндісін тыңдаңыз. Анекдоттан бастайық. Дубай. Бес жұлдызды қонақ үй. Қазақстаннан келген екі жолдас жүздесіп қалады. Бір-бірін жарылқаған кейіпте хал сұрасқан екеудің пысықтау келгені: «Бурабайда демалатын ақшаң болмады ма?..» – дейді… (оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі).
(а) Мәтінде не туралы айтылады? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?
Мәтін жалғасын тыңдаңыз. Бұл анекдоттан біз шындықты ғана көре аламыз. «Бурабайдағы» белгілі қонақүйлердің бірінде түнеу үшін кемінде 55 мың теңгеге шығындаласыз. Ал Түркиядағы қымбат қонақүйде 1 күн өткізу үшін 38 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Айырмашылықты анық байқап отырған болуыңыз керек. Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығының өкілі Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, ішкі туризм экономиканы көтеретін бірден-бір күшке ие. Сол арқылы біз бүгінгі қиын жағдайда артта қалған бірнеше саланы аяққа тұрғызып, жұмысын одан әрі дамыта аламыз. Жай ғана кіріс туризмінің классикалық есебін шығарайықшы: Бір шетелдік турист елге күніне 100 доллар шамасында кіріс алып келеді. Ішкі туризмнен де пайда айтарлықтай көп және ішкі туризм сыртқыға қарағанда халық үшін тиімді һәм қауіпсіз дейді ол. Иә, бұл – екі маңызды артықшылық. Бірақ неге ел тұрғындары өзіміздің Швейцариямыз – Бурабайға, болмаса өзге де көрікті жерлерге бармай, турагенттіктердің табылдырығын тоздырып, Түркия мен Қытайға жолдама алуға асығады?.. Айтпақшы, Бурабай ел орталығы Астанадан тым алыс жатқан жоқ. Сол себепті курортқа дейін керемет жол тартылған. Бірақ… (оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі).
(ә) Сіздіңше, автор не айтқысы келді?  Мәтін жалғасын тыңдаңыз. Елдегі туристік орындар туралы мағлұматтарды біз алдымен ғаламдық желіден іздей бастаймыз. Міне, олқылық та, кемшілігіміз де осы жерден байқала бастайды. Айтыңызшы, отандық демалыс орындары туралы толық әлі сапалы ақпарат беретін бір сайтты кездестірдіңіз бе? Сервистік қызмет, қонақ үй бизнесі туризм саласымен тығыз байланысты. Сондықтан олардың проблемалары да бір: қымбат бағаға нашар қызмет көрсету, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, жарнаманың жоқтығы. Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, қызмет көрсету деңгейі ғана төмен емес, бізде туризммен байланысты кәсіпкерлік жұмыстар да дұрыс жолға қойылмаған. Сонымен қатар, еліміздің индустриясын өркендету, ел брендтерін дамыту аясында тұрақты шаралар жасау, маркетингті өрлету және заң шығарушы базаны реформалау керек.
(б) Сіздің болжамыңыз шындыққа сәйкес келді ме? Салыстырыңыз.

Решение:

(а) ішкі туризм сыртқы туризмнен қарағанда көп шығынға әкеледі

(ә) ол туралы ақпараттар ғаламтор желісінде әлі айтылған жоқ

(б) я сәйкес келде себебі мұның бәрі ақиқат нәрселер