СОР № 1 Казахский язык и литература 8 класс идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

Назад
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

Задание:

Мәтіндерді оқып, төмендегі аспект бойынша салыстырыңыз.

1-мәтін Төле би Әлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана. Ұлы жүздің төбе биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың аңыз-әңгіме, өлеңжырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың, әсіресе, өзінің бабалары – Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді төреліктері мен өнегелі нақыл-шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Әкесі Әлібек шешен, сауатты және ел әңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол ұлының ерте есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле бала жасынан әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаты, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бидің әділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы етеді. Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық атынан сөйлеп, шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай ханның «Төбе биі» болып, Ташкентте өмірінің ақырғы жылдарына дейін Ұлы жүзді басқарып тұрған. 2-мәтін Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764 жж.) – қазақтың белгілі би-шешені, мемлекет және қоғам қайраткері. Орта жүздің төбе биі. Қазыбектің әкесі Келдібек кезінде елді аузына қаратқан белгілі шешен, би болыпты. Анасы Тоқмейіл де ұтымды да тапқыр сөйлейтін зерек жан екен. Кішкентайынан осындай ортада өскен Қазыбек бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек», «Алты Алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Қазыбек жасынан ел әңгімелерін, нақыл-өсиет сөздерін естіп өседі. Әке тәрбиесі мен би-шешендердің әсер-ықпалы да көп көмек етеді. Жастайынан ел билігіне араласып, адалдықты жақтайды, әділеттілікті, бейбіт жолды қалайды. Қаз дауысты Қазыбек кезінде атақты да беделді билердің бірі атанды. Ол Абылай, Тәуке, Әбілмәмбет, Семеке хандардың тұсында халық қамы үшін ел қорғау ісіне белсене араласты. Төле, Әйтеке билермен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болып, елдің азаттығы үшін аянбай тер төкті. Абылай жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға елшілікке барған. Сондай-ақ ол Ресей, Бұхар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге араласып, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған мәмілегер ретінде танылды. «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деп, бейбітшілік пен достықты дәріптеп, елшілік қызметті мінсіз атқарған тұңғыш дипломат болды.

Решение: