СОР № 1 Казахский язык и литература 8 класс Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті

Назад
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті

Задание:

Балықтың басына мәтін атауын, қаңқаларына айтыс өнерінің дамуына қатысты ақпараттарды жазыңыз.

— Айнұр ханым, бүгінгі күні айтыста жүрген ақын қыздарымыздың бірісіз. Отбасы мен өнерді қатар алып жүру қиын емес пе? — Шын мәнінде, қазір айтыста жүрген қыздар өте аз. Кез келген сахнаның көркі әйел ғой, халық та қыз бен жігіттің айтысын, қыздардың еркелеп, назбен айтқанын сағына күтетін шығар. Ал екінші жағынан, қыздар аз болғаннан кейін, ер азаматтар бізді сыйлап, құрметтейді. Қалай болғанда да, айтыста қыздардың көбейгенін қалар едім. Дәл қазіргі уақытта республикалық айтыстарға шығып жүргеніміз санаулы қыз ғана. Сара, Әсем үшеуіміз ғана өнер таластырып жүрміз. — Айтыста жүргеніңізге жиырма жылдан асты. Қазақ халқының ежелден келе жатқан өнерінің бүгінгі жағдайын қалай бағалайсыз? — Айтыс жақсы дамып келеді деп ойлаймын. Жас ақындар көп. Олар елдің сөзін айтып, сүйіспеншілігіне бөленіп, үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Мемлекет айтысты қамқорлығына алды. Қазіргі уақытта эфирден қайта беріле бастады. Халықтың айтысқа деген махаббаты, ақынның қоғамдағы рөлі жеңді ғой деп ойлаймын. Тағы бір айта кетерлігі, осы күні айтыс жиі ұйымдастырылады. — Сұхбатыңыз үшін сізге алғыс айтамын. Сау болыңыз! — Сау болыңыз!

Решение: