СОР № 1 Казахский язык и литература 8 класс мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу

Назад
Казахский язык и литература - 8 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу

Задание:

Мәтінді оқыңыз.

Қазіргі айтыстың көрермені жоқ. Теледидардан көрсетілмегеннен кейін ақындар айналдырған 2000-3000 адамға айтады да кетеді. Біздің кезімізде айтыс мазмұнды болатын. Айтқандарымыздан Үкімет қорытынды шығаратын. Сөздері уытты, айтарын дәл айтатын, өлеңдерінің көркемдік дәрежесі жоғары Бекарыс, Сара, Мұхтар, Жандарбек сынды жақсы ақындар бар. Бірақ олар не айтып, не қойып жатыр теледидардан берілмейді. Ақындардың сөзі халыққа жетіп жатқан жоқ. Әрі қазіргі айтыста дайындық жоқ қой. Ақындар дайындалмай айтысады. Бір айтыста айтқанын, екінші айтыс та айтып отыра беретіндер бар. Келісіп айтысуды шығарыпты соңғы кезде. Мұның алдын алу үшін облыспен облыстың айтысын жасаймыз ба, білмеймін, бірнәрсе ойластыруымыз керек. Ақындарға миллиондап ақша беріп, көлік мінгізіп, жаман үйретіп алдық. Бір рет жүлде алған ақын ана жерден, мына жерден жүлде алады. Содан кейін әрине айтыстың қадірі болмайды. Қазіргі айтыс қадірсіз болып кетті. Жүлде берілмесін емес, бірақ бәрі орынорнымен болуы керек қой.

Мәтіндегі айтысқа қатысты айтылған негізгі мәселелерге өз көзқарасыңызды білдіріп, пікір жазыңыз.

Решение:

Ия, меніңше бүгінгі күндері »атыс» дейтін өнердің көрермендері азайып барады. Шынайы айтысты көру былай тұрсын, теледидардан дайын түрдегі бейнені көруден қалғанбыз. Бұған себеп не? Себептердің бірі — заман талабының өзгеруі