СОР № 1 Физика 10ЕМН класс Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы
НазадШамның қыл сымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы
Задание:
Құрал-жабдықтар: ток көзі — 4 В, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр, 2 мультиметр, диод, қыздыру шамы, кедергісі белгілі резистор, реостат, кілт Жұмысты орындауға нұсқау: 1. Берілген құралдарды қолданып, берілген үш түрлі өткізгіштің вольтамперлік сипаттамасын анықтауға арналған жұмысты жоспарлаңыз; 2. Жұмысты орындауға қажетті электр тізбегінің сызбасын сызыңыз; 3. Алынған мәліметтерді енгізуге арналған кесте сызыңыз; 4. Сызба бойынша электр тізбегін құрастырыңыз және мұғалімге тексертіңіз; 5. Әр өткізгішті пайдаланып, жұмысты орындаңыз; 6. Деректер бойынша, әр өткізгіш үшін вольт-амперлік тәуелділік графигін сызыңыз; 7. Нәтижелерді салыстырып, бағалаңыз.