СОР № 1 Русский язык и литература 10ЕМН класс Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Назад
Русский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Задание:

1. Мәтінді оқып, құрылымы, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін анықтаңыз.

Қазақстанның Ұлыбританиямен инвестициялық ынтымақтастығы ұзақ мерзімді басымдықтарға кіреді. Ұлыбританияның инвестициялары Қазақстанға Нидерланды мен АҚШ-тан кейін үшінші болып келеді. Ұлыбритания ҚР экономикасына – 10,7 млрд. доллар жұмсаған, оның 894,5 млн. доллары тура инвестициялар түрінде келген. Қазақстанның Ұлыбританияға барлық инвестициялары – 5,4 млрд. долларға жетті. Ұлыбритания ҚР экономикасының келесі секторларына инвестиция құяды: кен қазу өнеркәсібі, өндіріс, сауда, автомобиль жөндеу және үй пайдалану өнімдері, транспорт, байланыс, қаржы секторы және т.б. 2013 жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша Ұлыбритания Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция тартуда АҚШ пен Нидерландыдан кейін үшінші орын алатынын және оның көлемі 12 млрд. долларға дейін жеткенін атап көрсетуге болады. Қазақстандағы Британ инвестициялары ең алдымен мұнай және газ саласына тиесілі. Мұнда бүкіл әлемге әйгілі «Shell», «British Petroleum» және «British Gas» компаниялары табысты жұмыс істеп келеді әрі соңғысы бүгінде ҚР-ғы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кен орнын өңдеу ірі жобаларына қатысады және «ҚазақстанКаспийқайраңы» мен Каспий құбыр жүргізу (КТК) консорциумдарындағы қатысу үлесі – 32,5%. Сонымен бірге бір топ британдық және 40-қа жуық қазақ кәсіпорын қатысушыларымен бірлескен компаниялардың өкілдіктері жұмыс істейді.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра