СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Ж.Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Ж.Ауыпбаев «Ашылмаған аралдар» кітабынан «Диктор» деректі әңгімесі

Задание:

1. «Әйелдерге саясатта орын жоқ». Бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Қажетті клишелер: біріншіден, (екіншіден) , оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, дәлелдейтін болсақ.

Решение:

Әйелдердің саясатқа араласуына қазіргі кезде кедергі жоқ деп есептеймін.»Әйелдерге саясатта орын жоқ»,-дегенге келіспеймін.Бұрынғы заманда ұлттық менталитетке байланысты әйелдің ошақ қасы,отбасында ғана орны болған.Әйел адам ұрпақ өсіріп,отбасында ұйытқысы болып отырған.Дегенмен ол кездеде аузы дуалы,ақылды,даналығы бір ауылды игеруге жететін, қазақ әйелдері болғанымен олар жоғары билікке көтерілмеген.Қазір заман басқа әйелдер жоғары билікке таласуға құқылы. Шет елдерде әйелдер жоғары билікке жеткен.

Жалпы алғанда, квоталардың енгізілуі – құптарлық іс. Әсіресе, әйелдер мен жастарға мүмкіндік беруді мемлекеттің мұрындық бол­ғаны қуантады. Осы қадам арқылы әйелдердің саясаттағы өкілдігі артады. Мұның мәні сол жастар – өз қатарластарының, әйелдер көптеген тұрмыстық мәселені жақсырақ білетінінде. Соның арқасында қор­даланған көп проблема қоғамда ашық айтылып, талқыланып, ше­шілуіне жол ашылады. Қазіргі БҰҰ-ға мүше 193 елдің 120-сынан астамында гендерлік квоталар бө­лінеді. Болашақта үлесін 30 пайыздан 50-ге көбейту туралы ұсыныс та жасалды. Өйткені Қазақстан халқының жартысынан астамы әйелдер мен жастардан құралады. Демек, олардың үнін жеткізетін бірден-бір адамдар да – солар.Дәстүрлі дала мәдениетінде қазақ әйелдері өздерінің отбасылық қана емес, қоғам мүшесі ретіндегі әлеуетін өнер-білім саласында, сондай-ақ, қоғам кайраткерлері ретінде көрсетіп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақы ортада каракан бастан гөрі отбасылық мүдденің жоғары тұруы әйелдердің қоғамдық-әлеуметтік белсенділігіне кедергі болған жоқ: өнер саласында атағы жалпақ жұртқа жайылған белгілі әншілер, ақындар, майталман күйшілер болды. Тарихта болған Болған анаДомалақ анаДарабоз анаҚарқабат анаҚызай анаНайман анаҰлпан аналар — рулы елдің бүтіндігіне қызмет еткен қайраткер тұлғалар болса, Қарқабат, Абақ, Қызай т.б. аналар рулы елдің ұранына айналып , сол рудың атына негіз болды.

Онымен бірге қазақ даласында әскер басқару, қол жию, майданда қан төгу қазақ қыздарының бойына біткен қасиет болса керек. Отаршылдық дәуірде Көктемір деген лақап атқа ие болған Сапар қол бастады. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа Кенесарының қарындасы Сәмеке ханнық жары Бопай өзінің 6 ұлын ертіп барып қосылады. Оның қозғалыс кезінде 600 адамдық жасақты басқарып, Аманқарағай дуанына шабуыл жасаған. Азамат соғысында Айғыз Көшкімбайқызы Аякөз шебінде соғысып, Колчак әскері қолынан қаза тапты.Сондай-ақ, ақылды әйелдің тоқтамды сөзіне ерлер де тоқтаған. «Айман-Шолпан» оқиғасында Айманның ғашығы Әлібектің Көтібардың елін шауып, араз болғандығы аян. Кейін Айманның: «екеуің екі елдің батырысыңдар, ер шекіспей бекіспейді, бір-біріңе шаққан малдарыңды қайтарып, енді дос болыңдар», — деген сөзіне тоқтап, Көтібар Айманды Әлібекке өз қызындай ұзатып салып, той жасап берген. Байырғы қазақ қоғамында қазақ әйелінің әлеуметтік еркіндігі де болды. Қазақ әйелдері ұзын жең, кең етекті көйлек киіп денелерін жасырғанымен, бет-жүзін ашық ұстаған. «Қазақ әйелі», «қазақ қызы» деген ұғымның мазмұны қазақы болмыс, қазақы тұрмыстың көрінісі, ежел- ден қалыптасқан салт-дәстүрі т.б жайттарды қамтиды.