СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар. Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі, Қайнар Олжай «Жер мен аспан арасындағы дастан

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар. Думан Рамазан «Соңғы дем» әңгімесі, Қайнар Олжай «Жер мен аспан арасындағы дастан

Задание:

Германия мемлекеті ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін халқын қоқыс өнімін сұрыптауға 30 жыл үйретті. 30 жылдан кейін орасан зор нәтижеге жетті. Ал біздің еліміздегі халықтың экологиялық сауаттылығы қандай деңгейде? Мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріп, шағын мақала жазыңыз.

Решение:

Қазіргі таңда табиғат ресурстарын сақтау және қоршаған ортаны қорғау — әрбір қазақстандық азамат үшін үлкен жауапкершілікке айналуы тиіс. Өйтпейінше, экология мәселесі күрделене түседі. Біз өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің неге азайып бара жатқандығын терең зерттеуіміз қажет. Қазақстанның 1978 жылы шыққан алғашқы Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 87 түрі енгізілген болатын. Ал 2010 жылы шыққан соңғы басылымында олардың саны 128-ге жетті. Қызыл кітап — естелік кітабына емес, қауіптілік дабылына айналды.Бүгінгі күннің көкейкесті мәселесінің бірі – қоршаған ортаның тазалығын қозғаған жиында экологиялық сауаттылық мәселесіне аса мән берілді. «Адам ауруларының қоршаған ортадағы келеңсіз өзгерістерге тікелей немесе жанама түрде байланысты екені белгілі. Бірақ халықтың науқастануының экологиялық факторлары мен себеп-салдарларына әзірге елімізде жеткілікті деңгейде назар аударылмай отыр.
Экологиялық сауатсыздықты жою халық арасында жүргізілетін маңызды мәселеге айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдары жалпыхалықтық экологиялық сауатты ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды, оны қорғауды ұйымдастыру бағытында кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізумен айналысатын мамандар­дың арасында жер мен көктей айыр­машылық бар. Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немқұрайдылық та табиғатты барынша бүлдіреді. Серуенге шыққанда немесе көкке шығып, демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтарға көз сүрінетін болды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз. Сондықтан, тек мектепте ғана емес, әрбір отбасыда экотәрбие болу керек. Адам баласы табиғат-анасыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы, бұл – экологиялық мәселе. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер-Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

Табиғи ресурстар шексіз емес, сарқылады. Оларды сақтап, үнемдеп, қалпына келтірумен айналысу қажет. Бұл бағытта Қазақстанда көлемді жұмыс жүргізіліп жатыр. Табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі қызмет Министрліктің Стратегиялық және Оперативтік жоспары, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің жұмыс жоспары шеңберінде жүзеге асырылды, көрсетілген жоспарларда айқындалған барлық нысаналы индикаторларға қол жеткізілді.