СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек. Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек. Ұлықбек Есдәулет «Қара пима» поэмасы

Задание:

Әр елдің өкілі ретінде (мысалы, Қазақстан, Ұлыбритания, Зимбабве, Жапония т.б.) сол мемлекеттің білім беру, медицина салалары, өмір сүру ұзақтығы, еңбекпен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғалуы туралы әңгімелеңіз. Сыныптастарыңызбен пікір алмасыңыз.

Решение:

Қазіргі уақытта Қазақстанның алдында қайта жаңғырту немесе ғылымды
қажетсінетін экономика құру міндеті тұр, ол экономикалық өсуге жұмсалатын білім
мен инновациялар үлесінің өсуімен, көрсетілетін қызметтер үлесінің ұлғаюымен және
экономиканы экологияландырумен байланысты. Қайта жаңғырту кезеңінде денсаулық
сақтаудың тиімді жүйесімен, неғұрлым ұзақ өмір сүрумен, сапалы білім берумен,
тиімді және ашық институттармен, ақпараттық технологиялардың таралуымен
негізделген өмір сүру сапасын арттыру бірінші орынға шығады.Қазақстан жаһандық әлемнің бір бөлігі болып табылады және ағымдағы
үрдістерден шет қала алмайды. Бұл үрдістердің кейбірі елді жаңғырту үшін жаңа
мүмкіндіктер беретін болса, кейбірі Қазақстанның дамуы үшін кедергі болуы мүмкін.
Бұл үрдістердің Қазақстанға әсер ету дәрежесін нақты бағалау өте қиын. Бұл ретте
жаңа трендтер мен сын-қатерлер туындауы мүмкін, олардың пайда болуын қазіргі
уақытта болжау мүмкін емес.
Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жағымсыз трендтерге оралымды ден
қоюға және әлемдегі қолайлы өзгерістерден барынша пайда табуға мүмкіндік беретін
даму стратегиясын қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстанда білім беруге байланысты қабылданған құжаттар экономикалық, қоғамдық жаңғыртудың барлық қажеттіліктеріне жауап береді және білім жүйесіне деген халықаралық талапты ескереді. Қазақстандық жүйенің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халықаралық стандарттық білім беру бағдарламасының (1997 ж.) классификация өлшемдеріне сәйкес келтірілген.

Білім туралы жаңа заңның 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақстанның халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізу қолға алынды, сонымен қатар, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасын қолға алынды. Республикада новаторлық әдістемелер, орта мектептерде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілуде.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104,4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1). Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 жылы республикада 88 жеке стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті 1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен АстанаАлматы қаласында) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, еліміздің экологиялы қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған медициналық орталықтар іске қосылды. 1990 жылы Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді