СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы. Б.Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы. Б.Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі

Задание:

1. Үзіндіні тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз. Аурушаң бала Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Бұрын да тамаққа нашар еді, енді мүлде ішуді қойды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды. Жолаушы кеткен Батырбай қария (колхоздың белгілі бақшашысы) бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған өңі сынық Ұлжанды көріп шошып кетті. — Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесің кере бір күрсініп алып: — Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді. Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып біраз отырды да, басын шайқады: — Дәрігерге көрсетпесе болмас. Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді. Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана «үйде ойна» деп оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, іле-шала үйге алып келетін. Суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, қатты сақтанушы еді Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Сабақтан қалмауға тырысады. Ерте оянып, тез киініп, қамданады. Батырбай қария мен Ұлжан кейбір қатты жауында немесе қарлы боранды күндері Мұраттың сабаққа баруына да тежеу салып: «Бүгін бармай-ақ қой», — деп, оны мұндай күндері қия бастырғылары келмейді. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ. Әсіресе, жаз шыққалы ойнап жүрген балаларды көріп, жаңа иістеніп, құлпырып келе жатқан табиғатқа еліктеп, үй төңірегінде жүруден мезі болады. Батырбай қария жолаушы кеткен күні Мұраттың көшеге қарай қашуы да еркін ойнап қайтатын балалардың шулағанын аса сағынғандығынан еді. Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді: — Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.

Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті. Ол бүкіл төртінші тоқсан бойына сабаққа бара алмағандықтан, келесі жылы екінші сыныпты қайта оқыды.

Сұрақтар: 1) Үзіндідегі кейіпкерлер баланың денсаулығына қаншалықты көңіл бөледі? 2) Үзіндіде қандай мәселелер көтеріледі?

2. «Денсаулық – зор байлық» деген тұжырымды растайтын аргументтер келтіріп, қорытынды жасаңыз.

Решение:

1.

1) Үзіндідегі кейіпкерлер баланың денсаулығына қаншалықты көңіл бөледі?

Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап,олардың кенже баласы үшін аса қатты уайымдайтындарын байқауға болады.Аландағандары соншалық тіпті үйден тысқары шығармайтын еді.Бұл әрекеттерімен баласының қауіпсіздігін ойлағандары анық.Дегенмен бала далаға шығып,табиғи өнімді өзіне сіңірмесе керісінше аурушаң болып кететіні белгілі.

2) Үзіндіде қандай мәселелер көтеріледі?

Үзіндіде ата-анасының балаларына аса қатты алаңдауы кері әсерін тигізгенін көруге болады.Баланың денсаулығы басты мәселе ретінде көтеріледі.Баланы үнемі үйде қамап ұстап отыру бала денсаулығына өте зиян екенін анық дәлелмен көрсетеді.

2.

Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Ал қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады.Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді. Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи әрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.