СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы. Б.Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы. Б.Соқпақбаев «Он алты жасар чемпион» әңгімесі

Задание:

Қазіргі жастардың өз денсаулығына деген көзқарасы қандай? Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, эссе жазыңыз.

Решение:

Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Қазіргі кезеңде үнемі алда тұрған өзекті мәселенің бірі – адам тәрбиесі, яғни жас ұрпақ тәрбиесі. «Не ексең соны орасың», – деген халық мақалы соның айғағы. Ұрпағыңды қалай тәрбиелесең отбасы да, мемлекеттің де болашағы, оның беріктігі осыған байланысты. Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты.Салауатты өмір салты дегеніміз-денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен нығайтуын қамтамасыз ету мақсатында аурудың алдын алу шараларының негізі. Салауатты өмір сүру әлеуметтік маңызы бар мәселе. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, оларды денсаулығын сақтауға, айналадағы ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Қазіргі таңда жастар арасында көптеген әуесқойлық тарап кеткен.Әсіресе жасөспірімдер өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайтындарын байқауға болады.Олар электронды түрдегі темекіні жиі көп мөлшерде қолданатындары  белгілі.Тіпті ащы сусын түрлерін татып көретіндері де бар.Әрине бұның барлығы бір-біріне еліктеуден және өзара қызығушылықтан туындайтыны анық.Сонымен қатар ата-ана тәрбиесінің де тікелей қатысы бар екені рас.Егер баланы кішкентай кезінен дұрыс жолға салып,тәрбиелейтін болса,мүмкін бұндай теріс жолға түспес пе еді.Жастардың бұндай зиянды өнімдерді қолдануы өз денсаулықтарын құртумен қатар болашағына да үлкен қауіпін төндіретіні анық. Олар өз денсаулығын құрту арқылы өз ұрпақтарының өмірін құртаны белгілі.Бұндай әрекеттерімен  елдің де болашағына зиян келтіреді.

Ал қазіргі заман талабы жастардың өз денсаулығына деген көзқарасты өзгерту, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру міндетін қойып отыр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.