СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік. М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар

Назад
Казахский язык и литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік. М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар

Задание:

1. Үзіндінің бөліктерін тыңдап, болжам жасаңыз.

М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар» 1-бөлігі «Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты, Қонақтары сұрапты: – Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған? – Бір жарым! – деп тіл қатыпты әлгі адам. Қарт не себепті «бір жарым балам бар» дейді?

2-бөлігі – Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді, Үшеуі де ғылым қуып, назарға ерте ілінді. Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын, Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын Өз ұлтының рухани байлығына жалғады, Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады. Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады, Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады. Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында, Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға. Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам! Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы? Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады. Не себепті ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады дейді? Өз ойыңызды түсіндіріңіз.

3-бөлігі Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар, Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар. Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір, Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір. Өз халқының тілі, ділі – зор адами парқына, Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына? Автордың көзқарасына пікір айтыңыз.

Решение:

1.Негізі қарияның үш ұлы бар екен.Олардың арасынан тек бір ұлы зерек,ғылымға жақын,білімге деген құштарлығы ерекше бала болып қалыптасыпты.Ал қалған екі ұлы мүлдем білімге қызықпайтын,жан-дүниелері бөлек азаматтар болған екен.Ол екі ұлын қария жарты перзенті ретінде санапты.Сол себепті қарт бір жарым балам бар деп жауап берген екен.

2.Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады деп айтуында терең мағыналы ой жатқаны анық.Бұл сөздері арқылы қария бізге қазіргі таңдағы өзекті мәселені айтқысы келді.Яғни,жастар арасында білім деңгейінің нашарлай түсуін меңзеді.Көптеген жастар білім саласын жетілдіріп, өзіндік білімдерін тереңдетуге тырыспайтындығын да айтысы келді,Білімнің соншалықты құнсызданып бара жатқанына іші ашитындығын көруге болады.

3.Автордың бұл көзқарасы,дәл қазіргі таңдағы қоғамның бейнесін көрсетеді.Қоғамда адамдар арасында адалдық,дамуға деген талпыныс,ерекше дүниелер ойлап табуға деген қызығушылық та қалыптаспай жатқаны белгілі.Кез келген саланы алсақ та,нағыз білікті мамандарды табу қиынға соғатыны рас.Бұның барлығы білім саласына немқұрайлық танытудан орын алып жатқанын байқауға болады.Қоғамда білім жүйелі түрде қалыптаспаса ел болып ілгері түрде алдыға жылжу мүмкін болмай қалатыны айдан анық.