СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік. М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар
НазадСандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік. М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді «Компьютер басты жарты адамдар
Задание:
1. Мәтінді оқып, идеясын анықтаңыз. Фактілер мен көзқарастарды ажыратып, оның мәтін идеясымен байланысын айтыңыз.
Елбасы Астананы әлемнің 50 «ақылды қаласының» қатарына енгізу жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты «ақылды қала» бірінші кезекте қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауда. Бүгінгі таңда халықтың заманауи өмір сүру үрдісі кез келген жерде жоғары жылдамдықтағы мобильді интернетті қажет етеді. Осыны ескере отырып, қала әкімдігі жүйелі түрде қаланың қоғамдық орындарында интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қолға алып отыр. Астана күні қарсаңында елордамызда WI-FI Bus Astana жобасы ресми түрде іске қосылды. Астана үшін бірегей жобаның мақсаты – халық арасында қоғамдық көліктің беделін көтеру, адамдарға оларды қызықтыратын ақпаратқа шұғыл түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету, заманауи коммуникациялық қызметтерді дәріптеу жолы мен қала тұрғындары арасында IT сауаттылығы деңгейін көтеру болып табылады. Қазіргі уақытта интернет өмір сүрудің жаңа деңгейі болып отыр. Тегін интернетті автобустың кез келген жолаушысы қолдана алады. Тек WI-FI қосылу мүмкіндігі бар смартфон болса болғаны. Бір сессия 15 минуттан 30 минутқа дейін, өйткені жолаушы бір жерден екінші жерге жетуі үшін шамамен осынша уақытты қажет етеді. Автобуста орнатылған WI-FI желісінің жылдамдығы секундына екі жарым және 10 мегабайтты құрайды. Ал Билайн компаниясының беріп отырған мәліметіне сенер болсақ, 1 сағаттың ішінде 300 адам WI-FI желісіне қосылып үлгерген екен және 2,5 гигабайт трафикті жүктеген. Бұл тек бір автобустың бір сағаттағы көрсеткіші. Еліміздің бас қаласы ретінде Астанада желісіз интернетке қосылу ауқымы кеңейе түспек. Айта кетейік, WI-FI Bus жобасы 2013 жылы басталған болатын. Сол уақыттан бері Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Орал, Алматы қалаларында желісіз интернетпен қамтамасыз етілген 200-ге жуық автобустар жүруде. Дүниежүзілік статистикалық мәліметке сүйенсек, мегаполистердегі жеке көлігі жоқ тұрғындар жылына жиырма тәулікке жуық уақыттарын қоғамдық автобустарда өткізеді екен. Ал WI-FI Bus автобусы Астана тұрғындарын тегін интернетпен қамтамасыз ету арқылы уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге жағдай жасап отыр.
Решение:
Фактілер:
Елбасы Астананы әлемнің 50 «ақылды қаласының» қатарына енгізу жөнінде тапсырма берді.
Астана күні қарсаңында елордамызда WI-FI Bus Astana жобасы ресми түрде іске қосылды.
Билайн компаниясының беріп отырған мәліметіне сенер болсақ, 1 сағаттың ішінде 300 адам WI-FI желісіне қосылып үлгерген екен және 2,5 гигабайт трафикті жүктеген.
Еліміздің бас қаласы ретінде Астанада желісіз интернетке қосылу ауқымы кеңейе түспек.
WI-FI Bus жобасы 2013 жылы басталған болатын.
Дүниежүзілік статистикалық мәліметке сүйенсек, мегаполистердегі жеке көлігі жоқ тұрғындар жылына жиырма тәулікке жуық уақыттарын қоғамдық автобустарда өткізеді екен.
Көзқарас:
Қала әкімдігі жүйелі түрде қаланың қоғамдық орындарында интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қолға алып отыр.
Астана үшін бірегей жобаның мақсаты – халық арасында қоғамдық көліктің беделін көтеру, адамдарға оларды қызықтыратын ақпаратқа шұғыл түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету, заманауи коммуникациялық қызметтерді дәріптеу жолы мен қала тұрғындары арасында IT сауаттылығы деңгейін көтеру болып табылады.
Ал WI-FI Bus автобусы Астана тұрғындарын тегін интернетпен қамтамасыз ету арқылы уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге жағдай жасап отыр.