СОР № 1 Казахский язык и литература 10ЕМН класс Қоғам және заң. Е.Өтетілеуұлы «Ата Заң», «Шешендік сөздер
НазадҚоғам және заң. Е.Өтетілеуұлы «Ата Заң», «Шешендік сөздер
Задание:
1. Мәтіннен негізгі ойды беретін деректі ақпараттарды табыңыз.
Дала заңдары Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі заңы болған. Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады. XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу талантымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады. Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тәртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан жаңа мемлекетті басқару үшін заңдар жинағын жасады. Бұл заң бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жер және жесір дауына орай құн төлеу, салық төлеу мәселелері қарастырылған. Екіншіде қылмыс пен жаза өлшемдері белгіленген. Үшіншісінде әскери тәртіп пен оны бұзушыларға қолданылатын жаза түрі, ал төртінші бөлімде елшілік қарым-қатынастар айқындалған. Бесінші бөлім халықтың ата-дәстүріне арналған. Ата-дәстүр мен салт-санадан алынған бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен жүруге шақырды. Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді. Мемлекетті нығайтып, заң үстемдігін күшейткен келесі адам – Есім хан. Оның билігі тұсында XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жағдайы күрделенді. Сырдария маңындағы қалаларға иелік ету үшін Бұхара хандығымен болған соғыс ұзаққа созылды. Мемлекеттің ыдырауының алдын алу жолы – халықты ортақ мүддеге жұмылдыру, біріктіру еді. Есім хан халық жадында «Есім ханның ескі жолы» деген атпен танымал өзінің құқықтық ережесін жасады.
2. Негізгі ойға қатысты көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен беріңіз. ________________________________________________________________________________
Решение:
Негізгі ой:
1)Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі заңы болған.
2)XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды.
3)Ал 1511 жылы билік басына Жәнібектің ұлы Қасым келді. Әскери қабілеті мен халықты соңынан ерте білу талантымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып, кеңеюіне бар күшін жұмсады.
4)Қасым хан жаңа мемлекетті басқару үшін заңдар жинағын жасады.Әділдігіне орай «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң қазақ тарихындағы алғашқы заң еді.
5)Мемлекетті нығайтып, заң үстемдігін күшейткен келесі адам – Есім хан. Оның билігі тұсында XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жағдайы күрделенді.
6)Есім хан халық жадында «Есім ханның ескі жолы» деген атпен танымал өзінің құқықтық ережесін жасады.
2.Негізгі ойдағы жалпы түйінге келсек,қазақ елінің құрылу тарихы баяндалған.Ондағы тарихта есімдері таңбадай басылып қалған хандар есімі айқын түрде айтылған.Олардың біздің еліміз және халықтың жағдайы үшін барлық күш-жігерлерін салғаны баршамызға белгілі.Елдегі тұрақтылықты сақтап,мемлекет болып қалыптасу үшін қатаң заңдар орната білген.Айта берсек, қазақ хандарының елімізге сіңірген еңбектері жетерлік.Олардың сондай ерен еңбектері арқасында осындай бейбіт өмір кешудеміз.