СОР № 1 Казахская литература 10ЕМН класс Тарих тағылымы

Назад
Казахская литература - 10ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Тарих тағылымы

Задание:

Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасынан алынған үзіндіде қолданылған көркемдегіш құралдарды іріктеп жазыңыз.

Балым (қолын созып). Маған бер. Сүт жоқ. Суға талқан шылап берейін, қайтер екен? Жаңа шешесі: «Жеп қояды,» — деді-ау. Сірә, бала дейтін біреулер бар болды ғой. Мүсірепов. Бейкүнә періштедей нәрестенің не жазығы бар? Нәрестені жегені – ар-ұятты жегені. Нәрестенің бір аты – ар-ұят, оның ар-ұяты таза. Оның бір аты – әділет. Нәрестені жегені – әділетті жегені. Балым (баланың ерніне талқан жалаттырып). Е-е, бәсе, талмап жатыр. Осыны жесең, өлмейсің, байғұс. (Мүсіреповке бұрылып) Ар-ұят, әділет-пәділет деген бірдеңе айттың-ау, қайным. Бала жегіштер аштар ғана емес. Анау… (Әлдеқайда иегін көтереді) Солар. Бала ғана емес, бүкіл елді тұқым-тұқиянымен жұтып жатқан. Бала жегенді ұстасаң – соттарсың. Ал бүкіл халықты жеп жатқанға не істейсің?! Оларды ұстап соттағанның өзінде – өлген қайтып тірілмейді. Зауалы қалай қайтады сонда?! Мүсірепов (жауабын таппай қиналып). Сұрапыл сұрақ, жеңеше. Оларға тарих мәңгілік лағнат таңбасын басар.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра