СОР № 1 Казахская литература 10ОГН класс Парасат пайымы

Назад
Казахская литература - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Парасат пайымы

Задание:

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасының сюжеті бойынша «Қазақ үшін қыз – ұлттық намыстың бір белгісі» тақырыбында әңгіме жазыңыз.

Решение:

Қазақ қыздарының өр әрі еркін бейнесі – тек ауыз әдебиеті мен поэзия, прозаның ғана емес, драматургияның да өзекті тақырыбы. Қазақтың батыр қыздары дегенде, әрққайсымыздың көз алдымызға бірден Әлия мен Мәншүк келетіні белгілі. Негізінде, қазақ қыздарының батырлық жолы Томирис – Тұмар анамыздан бастау алатыны белгілі. Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды – Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы. Бұл пьеса – Томирис анамыздың өмір сүрген б.э.д 503 жылдардағы ата- бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. Томиристің осындай ерлігі қазіргі қазақ қызының әрқайсысының бойынан табылатыны сөзсіз.

Қазақ үшін қыз – ұлттық намыстың бір белгісі. Қыздың пәктігі, өрлігі мен батырлығы – ұлттың болашағының мықты болуының сенімді тірегі. Осындай тәрбиелік маңызы зор шығармалар уақыт ағымымен жазылу үстінде.

Тарихта Томирис ханшайым қазақ арасында, әсіресе маңғыстаулықтар үшін кәдімгі – Тұмар қыз. Кәріқұлақтардың Каспий теңізінің шығыс бетін мекендеген массагеттердің айтулы патшайы мын «Тұмар» деп еркелете атауына, іштартуына және арада қанша ғасыр өтсе де патшайымға деген құрметтің, махаббаттың өзгермейтіндігіне қайран қаласың.