СОР № 1 Казахская литература 10ОГН класс Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Назад
Казахская литература - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Задание:

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесінен алынған үзіндідегі асты сызылған көркемдегіш құралдардың қызметін анықтаңыз.

Керімқұл мойнына іштей алабұршақ салып, Алладан тілеген Жеңіскүл осы еді. Көк терекке сүйеніп, бүкіл әлемді жек көріп отырған қайыршы бала орнынан атып тұрды. Жеңіскүлдің жүрегінің тұсынан құлпырма күн шыққандай әлдене жарқ ете қалды. Оның не екенін бала түсінген жоқ, тек көзі қарыққандай болды.Жеңіскүл табанын жерге тигізерін не тигізбесін білмей перламутр туфлиінің өкшесімен ғана тұрып қалды. Қасиетті ӘулиеАтаның көшелері күнде сыпырыла бермейді ғой, сәл шаң-топырақтау еді. Әттең Керімқұлдың есіне келмегені-ай, әйтпесе Жеңіскүлдің жолына кілем төсеп тастауы керек еді ғой.Керімқұлдың сидаң сирағы шегірткенің серпініндей ыршып кетіп, жиен қыздың қасына бір-ақ қарғып жетті. Бара бас салып құшақтап, жиенінің бетінен ары да сүйді, бері де сүйді.Женіскүл қанша қарсыласса да болмай, өліп кетердей өңмендеді. Шіркінде сезім болсашы, өзінше жағынамын дегені. Оны Жеңіскүл жақтырмайды. Өйткені Жасылкенттің «Арулар залында» үш сағат отырып жасатқан прическасы, макияжы құрыды ғой. Сілекейден беті айран жаққандай айғыз-айғыз болып қалды.

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра