СОР № 1 Казахская литература 10ОГН класс Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Назад
Казахская литература - 10ОГН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Задание:

«Тәуекел той» шығармасындағы автор сынаған басты кейіпкердің бойындағы мінез-құлқын түзетудің жолы бар ма?» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.

Решение:

Бұл шығармада көтерілген басты мәселе Керімқұлдың дүниеқоңыздығы.

Керімқұл әрбір келген адамға қуанбай, оның не беретінін уайымдап, өзінің жаман қасиетін көрсетті.
Керімқұл қонақтарын конверттің қалыңдығына қарап қана, олар туралы жаман ойлап, оларды жек көріп кетуге дайын болды. Мұны қазақ дүниеқоңыздық, тойымсыздық дейді. Керімқұлдың іші тар болды. Дүниеқоңыз болып дүниенің артынан кетсең, сені барлық жақындарыңнан айырады.Тойымсыздық танытпай, әр нарсеге шүкіршілік ету керек. Қазақта: «Іштен шыққан жау жаман», – деген мағыналы сөз бар. Бәлкім біз мұның мағынасын сырттай ғана түсініп жүрген болармыз. Бабаларымыз айтқан осы сөзге тереңдеу үңіліп көрейікші. Сіз бен біздің бұ дүниедегі ең үлкен жиһадымыз қандай?! Бір сөзбен айтқанда, жан-дүниемізді үнемі жаманшылыққа, арсыздық пен ұятсыздыққа шақырып тұратын ішкі жауымыз нәпсімен күресу.

Бұл шығармада Керімқұл дүниенің артынан еремін деп, нағыз байлықтан айырылып қала жаздады. Ең үлкен дұшпанымыз – нәпсінің қай кезде күш алып, қай сәтте әлсіз тұсымыздан шабуыл жасарын білмегендіктен онымен күресу де оңай соға қоймас.