СОР № 1 Казахская литература 11ЕМН класс Табиғат және адам

Назад
Казахская литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Табиғат және адам

Задание:

Төмендегі тапсырмалардың бірін таңдап, орындаңыз.

1) Шығармадағы жан-жануар атынан адамзатқа хат жазыңыз. Хатыңызды көтерілген мәселемен байланыстырыңыз. Шығармадан үзінді, дәйексөздер пайдаланыңыз. 2) Құстардың немесе жан-жануарлардың атынан монолог жазыңыз. Монологыңызды көтерілген мәселемен байланыстырыңыз. Шығармадан үзінді, дәйексөздер пайдаланыңыз. 3) Өз атыңыздан авторға хат жазыңыз. Хатыңызда шығармада көтерілген мәселемен байланыстырыңыз. Шығармадан үзінді, дәйексөздер пайдаланыңыз.

Решение:

Жан-жануар атынан адамзатқа хат

Сәлем адамдар! Жануарлар атынан сендерге хат жазып отырған жайым бар. Мен қоңыр аюмын. Жай қоңыр емес, Тянь-Шань қоңыр аюы деп атасам дұрыс болар. Адамдардың табиғат үшін жасап жатқан жақсылығы бар, бірақ жамандығы мен қатыгездігінің қасында ол түк емес. Сендер орманды отайсыңдар, көлді құрғатасыңдар. Суы мол жерді, сортаң, батпақ жерге айналдырасыңдар. Ну орманды отап, жол салып жатсыңдар. Қаншама жануарлардың өмірлеріне қауіп төндіріп, тіпті кейбір түрлердің жойылуына дейін әкелдіңдер. Өз үйлерінен айырылған жануарлар пана табу үшін,өз мекендерін тастап кетуде. Ал ол мекен олардың қолайлы орны, тамақ табатын жері. Сендер жануарларды азық ретінде де, ойын-сауық көңіл көтеру үшін де аулайсыңдар. «Сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп жасайтын әрекеттерін жайлы жазбайын. Табиғи процесс деп түсінейік. Ал, ермек үшін аң өлтіру ше? Аңға шығып келу, қазір дүкенге нанға барып келейін дейтіндей болған ба? Оны қойшы, цирк ше? Жануарларды еркінен тыс ұстап, олардың қиналғанын бақылау бір рақат сыйлайды деп ойламаймын. Осыны түсініп тұрсыңдар ма? Осыдан кейін қалай ғана жануарларды қорғау, табиғатты аялау туралы сөз болмақ, егер озбырлықтарын күннен күнге көбейіп бара жатса. Көпке топырақ шашпайын, жақсы адамдар бар. Табиғатты қалпына келтіре алатындай адам саны жетерлік. Бірақ бәрі өз айтқандарын іс жүзінде жасап жатыр ма? Әлде, бұл тек құрғақ сөзбен тойғызу ма? Адамдардың жасаған қатыгездіктерін жіпке тізіп бердім. Бірақ бұл тек басы ғана, әлде де талай мәселе бар. Ал енді жақсы жақтары туралы жаза кетсем. Қорықтарды ашқандарын өте жақсы әрекет. Онымен қоса қызыл кітаптың пайда болуы өз алдына бір керемет жаңалық. Бірақ сол кітапқа енудің өзі біртүрлі сезім сыйлайды. Себебі сен не жойылып бара жатырсың, не сирек кездесесің. Табиғат, жануарлар үшін жасап жатқан жақсылықтарың үшін алғыс білдіремін. Жануарларды қорғап қалу адамзат парызы деп ойлайтын шығарсыңдар? Әрине, бұл дұрыс. Ендеше хатымды осы жерден аяқтайын. Айтылған сөздеріне ойланып бір қарарсыңдар. Тянь-Шань қоңыр аюынан адамдарға.