СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Туризм: экотуризм
НазадТуризм: экотуризм
Задание:
Еліміздің бірталай көрікті жерлері бар, соған қарамастан Қазақстандағы экотуризм деңгейі жоғары дамымаған. Осыған орай отандастарымызды өз елімізде демалуға шақырып үндеу хат жазыңыз.
Решение:
Экологиялық туризм – туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан секторы, оның үлесіне әлемдік туризмнің 25%-ы тиесілі. Дүниежүзілік туристік ұйымға сәйкес экотуристер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді.Таза және бүлінбеген табиғи объектілері көп Қазақстан экотуризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Этномәдени туризммен үйлескен қызықты табиғи ландшафттар, бірегей экологиялық соқпақтар тіпті ең талғампаз туристерді де бей-жай қалдырмайды.Халықаралық экотуризм қоғамы экотуризмді қоршаған ортаны сақтайтын, жергілікті халықтың әл-ауқатын қолдайтын және экскурсиялық-ағартушылық қызмет пен білім беруді көздейтін табиғи аудандарға жауапты саяхат ретінде анықтайды.2019 жылы Финляндия экологиялық тұрақтылықтың жоғары деңгейінің, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алуан түрлілігі мен бірегейлігінің, сондай-ақ мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күш-жігерінің арқасында жабайы табиғат бойынша саяхаттау үшін үздік ел ретінде танылды. Үздік елдердің тізімін анықтау үшін ұлттық парктердің саны, биоалуантүрлілік, Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлардың жойылып кету қаупі және басқа да өлшемдер ескерілді.Қазақстан бұл рейтингте 87-ші орынды иеленді. Соған қарамастан, ел табиғи аумақтарының үлкендігі, флора мен фаунаның алуан түрлілігі, табиғат ескерткіштері мен ЮНЕСКО мұрасы мәртебесіне ие объектілері есебінен экологиялық туризмді дамытудың барлық алғышарттарына ие.
Елімізде бүгінгі таңда туризм саласын дамытудың маңызы зор екені белгілі. Осы саланы дамыту үшін қанша істер атқарылып жатыр. Ең бастысы туризм саласы үкіметтің жобалық кеңсесіне енгізілген. Бұл шаруа тікелей Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асып отыр. Нақты айтсақ «олимпиадалық жолдың» алты негізгі басымдықтарының бірі – туризм.
Әсіресе, 2022 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегияға туристік сала да кіріп отырғанын баса айтуымыз керек. Жеті өңірдің алпыс туристік нысаны Үкіметтің тікелей тапсырмасымен әзірленген бірыңғай туристік картаға кіргізілген. Әр аймақта туризм саласын жетілдіру бойынша жасалған «Жол карталары» бар. Осы бағытта жергілікті әкімдіктер туризмді дамыту үшін белсенді түрде жұмыс атқаруда. Оның үстіне елімізде жалпы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында шамамен 140 млрд теңге бөлінген екен. Бұл қаржы бірнеше жылға арналып қарастырылған.
Жақында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында туризм саласын дамыту жөнінде келелі басқосу өтті. Жиында ҰКП-ның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев туризмді дамыту комитетінің басшылығымен кездесіп осындай мәселелерді қозғады.
Кездесу үстінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы еліміздің туристік нысандарындағы сервистік қызмет сапасын жақсартып, деңгейін көтеру керектігіне айтып өтті. Бұл саланың маңыздылығын, қызмет көрсетуді туристік қажеттіліктерге қарай бейімдеу керектігін, оның ішінде инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігіне ерекше тоқталды.
Ал егер Қазақстанда қайда демалуға болады деп бас қатырсаңыз, бірнеше демалыс орнын мысалға келтіруге болады. Мысалы, Көкшетау ұлттық саябағы. Бұл Қазақстанның ұлттық дәстүрі сақталған жер. Сондай-ақ Жұмбақ тас жартасы, Көкшетау мен Бурабай тауы, Жеке батыр, Оқжетпес, т.б. Бұл тау алыптарын естімеген жан кемде-кем. Ал Қорғалжын қоры-на келсек, бұл Қазақстандағы ең құпия демалыс орындарының бірі болып саналады. Ол осы уақытқа дейін жұмбақ күйін сақтап отыр. Тіпті жергілікті тұрғындарға да. Қорғалжын ЮНЕСКО бүкіләлемдік табиғи мұрасының тізіміне енгізілген. Сондай-ақ Қапал-Арасан — Жоңғар Алатау тауларының солтүстік баурайында жатқан, Талдықорған қаласына 100 шақырым қашықтықтағы Биен өзенінің жағасында орналасқан танымал отандық демалыс орындар бар. Тағы мақтанып айтатын жеріміз -Баянауыл ұлттық саябағы. Қазақстанда Іле Алатауының әдемі көлдерге өте бай. Сонымен қатар егер денсаулығыңды түзейтін, тамаша демалысты қаласаңыз, онда Оңтүстік өңіріндегі Сарыағаш шипажайында өткізуіңізге болады. Айталық, Шығыс Қазақстан облысындағы Ырғызбай тарихи-кешеніне жыл сайын алыс-жақыннан келушілер өте көп. Тек қазақстандықтар ғана емес, өңірге Франция, Германия, Израиль, т.б. алып мемлекеттерден келетін туристердің қатары артқан. Сонымен бірге Оңтүстік өңірдегі Төле би ауданы туризм орталығына айналды. Туристер үшін таптырмайтын орын ол Қазығұрт тауының баурайы. Қазақстанның қай өңірі болса да туризм саласына айтарлықтай үлес қоса алады. Өйткені біздің еліміздің қай аймағының да жері шұрайлы, табиғаты сұлу, ауасы таза. Ең бастысы, сырттан келген демалушылардың көбісі жақсы тынығып, елімізге таңырқап кетері анық. Осыдан бір-екі жыл бұрын отандық демалыс орындарының қызмет көрсету сапасы да көңіл көншітпей тұрғанымен, қазіргі уақытта жағдайы жақсарып халықтың көңілінен шығып жатыр.
Жалпы,өз еліміздің ішкі туризмін дамытып,барынша өзге елдерге таныта білу өз қолымызды.Сол себепті қолымыздан келгенше өз еліміздегі көрікті жерлерді саяхаттап тұрғанымыз жөн болар.