СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сөздердің мағынасын тыңдалым мәтіні бойынша түсіндіріп жазыңыз.

Бүгінгі гендерлік саясат бойынша қыздарға қойылатын талаптар Гендер (ағыл. «gender» — «тек») – бұл әйелдер мен еркектердің әлеуметтік жағдайларға (еңбектің бөлінуі, әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді айырмашылықтары. Осыған байланысты 2 ұғымдар бар: гендерлік идентификация және гендерлік стереотиптер. Гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі. Гендерлік стереотиптер әйел адам қандай қасиеттерге ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсініктерге негізделген. Гендер мәселелерінің ішінде екі бағыт пайда болды, олар: маскулиндік және феминизм. Маскулиндік бағытқа қарағанда, теориялық бағыт ретінде феминизм жылдам дамыды. Бұл көбінесе әйел жынысының көп дискриминацияға ұшырауымен байланысты. Феминистік қозғалыс 200 жыл бұрын буржуазиялық революция кезінде басталып, нәтижесінде әйелдердің құқықтары кеңейтілген болатын. Феминистік зерттеулердің кең өріс алған кезі XX ғасырдың 70 жылдарына келеді. Өз елімізде қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай құжаттарға жыныстық дискриминацияға тыйым салатын ҚР Конституциясы, 1998 жылғы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясы жатады. «Қоғамдық прогресті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады», – деп жазған екен Карл Маркс. Қазіргі заманда қазақ әйелі қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде. Статистикаға зер салсақ, саяси лауазымда қызметкерлердің 9,5%, парламентте 11,2%, 3 министр және 3 әйел елші бар екен. Облыс және аймақ әкімдері арасында әйел жоқ. Әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие емес, 2008 жылы жұмысқа орналастыру үшін барған әйелдердің алтыдан бірі ғана жұмысқа тұрған. Әйелдердің еңбекақысы ер адамдардың еңбекақысының 61%-ын құрайды және кедейлік пен жұмыссыздық әйелдер арасында өте көп. Дегенмен, осы кемшіліктер уақыт өте келе жойылады деген сенімдемін. Дала демократиясы ұл мен қызды қарама-қарсы қоймай, таразы басын тең ұстауға тырысқан. Қазақ қоғамында қыздарда нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш болған. Сонда бұл қасиеттер келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қазақ қызын қалыптастырған. Бүгін де егемен Қазақстанның қыздары әлемдік деңгейде дамып, өркениеттік мәдениеттен өз орындарын тауып, қоғамның барлық саласына белгілі дәрежеде ірі қайраткерлер есебінде қызметтер атқаруда. Болашақта қазақ қыздары адам ісәрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болар еді. Мақаламды Колумбия университетінің докторы, психолог Джойс Бразерстің сөзімен аяқтауды жөн көріп отырмын: «Мәселе жыныстардың біреуінің мықтылығында емес, олардың – әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік».

Решение:


1.Гендер (ағыл. «gender» — «тек») – бұл әйелдер мен еркектердің әлеуметтік жағдайларға (еңбектің бөлінуі, әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді айырмашылықтары.

2.Гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі.

3.Гендерлік стереотиптер әйел адам қандай қасиеттерге ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсініктерге негізделген.

4.Феминизм (лат. femina — әйел) — саяси, экономикалық, әлеуметтік және әйелдердың жеке құқықтарын кеңейтуге бағытталған бірқатар идеологиялар. Сонымен қатар феминизмды саяси, әлеуметтік және сексизмге қарсы қозғалыстар деп атауға болады. Феминизмнің басты идеясы — қоғамның бүкіл саласында әйелдерге еркектермен тең мүмкіншіліктерді орнату.

30 сек

Смотрите решение
без ожидания

Чтобы продолжить, установите Яндекс поиском по умолчанию в вашем основном браузере и ищите в нем
Настроить поиск
Назад к выбору СОР/СОЧ