СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Задание:

Екі мәтінді оқи отырып, мәтіндерге салыстырмалы талдау жасаңыз.

1-мәтін
Бүгінгі гендерлік саясат бойынша қыздарға қойылатын талаптар Гендер (ағыл. «gender» — «тек») – бұл әйелдер мен еркектердің әлеуметтік жағдайларға (еңбектің бөлінуі, әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді айырмашылықтары. Осыған байланысты 2 ұғымдар бар: гендерлік идентификация және гендерлік стереотиптер. Гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі. Гендерлік стереотиптер әйел адам қандай қасиеттерге ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсініктерге негізделген. Гендер мәселелерінің ішінде екі бағыт пайда болды, олар: маскулиндік және феминизм. Маскулиндік бағытқа қарағанда, теориялық бағыт ретінде феминизм жылдам дамыды. Бұл көбінесе әйел жынысының көп дискриминацияға ұшырауымен байланысты. Феминистік қозғалыс 200 жыл бұрын буржуазиялық революция кезінде басталып, нәтижесінде әйелдердің құқықтары кеңейтілген болатын. Феминистік зерттеулердің кең өріс алған кезі XX ғасырдың 70 жылдарына келеді. Өз елімізде қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай құжаттарға жыныстық дискриминацияға тыйым салатын ҚР Конституциясы, 1998 жылғы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясы жатады. «Қоғамдық прогресті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады», – деп жазған екен Карл Маркс. Қазіргі заманда қазақ әйелі қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде. Статистикаға зер салсақ, саяси лауазымда қызметкерлердің 9,5%, парламентте 11,2%, 3 министр және 3 әйел елші бар екен. Облыс және аймақ әкімдері арасында әйел жоқ. Әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие емес, 2008 жылы жұмысқа орналастыру үшін барған әйелдердің алтыдан бірі ғана жұмысқа тұрған. Әйелдердің еңбекақысы ер адамдардың еңбекақысының 61%-ын құрайды және кедейлік пен жұмыссыздық әйелдер арасында өте көп. Дегенмен, осы кемшіліктер уақыт өте келе жойылады деген сенімдемін. Дала демократиясы ұл мен қызды қарама-қарсы қоймай, таразы басын тең ұстауға тырысқан. Қазақ қоғамында қыздарда нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш болған. Сонда бұл қасиеттер келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қазақ қызын қалыптастырған. Бүгін де егемен Қазақстанның қыздары әлемдік деңгейде дамып, өркениеттік мәдениеттен өз орындарын тауып, қоғамның барлық саласына белгілі дәрежеде ірі қайраткерлер есебінде қызметтер атқаруда. Болашақта қазақ қыздары адам іс-әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе, нұр үстіне нұр болар еді. Мақаламды Колумбия университетінің докторы, психолог Джойс Бразерстің сөзімен аяқтауды жөн көріп отырмын: «Мәселе жыныстардың біреуінің мықтылығында емес, олардың – әртүрлігінде. Егер біздер осы айырмашылықтарды көріп және оларды шығармашылықпен қолдана алсақ, барлығымыз, әйелдер де, еркектер де бірдей дәрежеде бақыттырақ болар едік».

2-мәтін Қазақ халқы әрдайым әйел баласын, ананы қадір тұтып, құрметтей білген. Бүгінде қыз келіншектер жұмысбасты болып, үй тірлігінен қол үзе бастады. Жалпы адам қоғамдық жұмыста өзін еркін сезіну үшін оның арқасүйер отбасы болуы керек деп ойлаймын. Әйел жалғыз болса, еркін жұмыс істей алмайды. Себебі оның артында қолдайтын ешкімі жоқ. Отбасылы әйел өзін еркін сезініп, жақсы басшы бола алады. Жақсы әйел билік басын да жұмыс істеп отырған кезде бала тууды, отбасын құруды ұмытпайды. Дана Байгожина, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты: – Қазақтың саналы азаматтары қызды қашанда жоғары бағалап, мәпелеп өсірген. «Алып анадан туады» демекші, біздің қайсар аналарымыз талай-талай таланттарды дүниеге әкелді. Қазақ әйелін ешқашан төмендетіп көрмеген, сонда біз қалай теңсіздік деп айта аламыз? Гендерлік саясатты қолдаймын немесе қолдамаймын деген пікірдің өзі дұрыс емес. Талантты, білімді әйел ешқандай тосқауылға қарамай, отбасын құрып, билік басында отырып, керек десеңіз министр қызметін де атқара алады . Ал Батыс Еуропа елдерінен жақсы, қажетті нәрселерін ғана алуымыз қажет. Керісінше олар біздің мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, тәрбиемізді үйренсін. Лауазымы жоғары әйелдер елдің мақтанышы, қоғамның айнасы болуы керек. Қандай әйел басшы болса да өзінің міндетін ұмытпасын. Ата-бабаларымыздың қанымен қол жеткізген кең-байтақ еліміздің жеріне иелік ететін ұрпақ санын көбейтуі керек. Гүлмира Сұлтанбаева, саяси ғылымдардың докторы, доцент: – Бүгінгі әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс істеп жүр. Олар – ана, олар – жар, олар – қыз, олар – келін. Ең бастысы – әйел қоғамның тең құқылы мүшесі. Рас, қазақ әйелі ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Алайда қолынан келсе, нәзік жандылардың билікке араласуына әбден болады. Қазір тарихи сахнада – ғылым, білім, техника, ақпарат, сауаттылық заманы. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті. Үлкен саясатта әйелді көргісі келмейтін еркектер көп. Олардың түсінігі бойынша, әйел тым сезімтал, нәзік, ашықжарқын мінезді. Ал басшы болу үшін белсенді, сөзіне аса сенімді, қайратты болу керек деп біледі. Әлемдегі озық 50 елдің қатарына кіреміз десек, интеллектуалды ұлт боламыз десек, бізге байыпты гендерлік саясат қажет. Мемлекет пен халық тек қана еркектерден тұрады немесе кәсіби маман болу, интеллект еркектің маңдайына жазылыпты деп кім айтады? Гендер мәселесіне жан-жақты қарау керек. Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.

Решение: