СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Жастар мәселесінің түйіткілдері
НазадЖастар мәселесінің түйіткілдері
Задание:
1. Жұбыңмен екі тыңдалым мәтініндегі мәліметтерді салыстырыңыз. Мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды талдаңыз?
1-мәтін
Қазақстандағы жастарды зерттеудің маңыздылығы Жастар – қоғамның бөлшегі. «Жастар өмір сүріп отырған қоғамды түсінбейінше, жастардың өзін және оларға тән мәселелерді түсіну қиын. Осы қоғамның жастарын түсінбей, оның барлық, соның ішінде, жалпы қайшылықтары мен мәселелерін білмей қоғамның одан арғы болашағын болжап айту мүмкін емес. Қоғамдағы мәселелер бастауын жастардан алады», — дейді орыс философы И.М. Ильинский. «Жастық – қазіргі таңда болып жатқан өзгерістердің қайнар көзі», — деп санайды Тесленко А.Н. Жастар — мемлекет мәселелеріне сезімтал және қабылдағыш топтардың бірі болып табылады. Мұндай қасиеттерді елемеу немесе оны жеткіліксіз зерттеу жастардың саяси талғамдарын бұрыс түсінуге алып келеді, бұл өз кезегінде жастардың абсентеизмі тетіктерін іске қосады. 2010 жылдың қараша айында Астана қаласында «Жастардың әлеуметтік-саяси көзқарастарын» зерттеу мақсатында жастар арасында сұхбат жүргізген болатын. Зерттеудің мақсаты жастардың өздерінің әлеуметтік өмір сүру деңгейіне қанағаттану деңгейін анықтау, саясатқа қызығушылық деңгейін айқындау және олардың болашаққа деген сенімін зерттеу болып табылды. Зерттеу барысында ұялық іріктеу әдісі қолданылды. Жүргізілген зерттеудің мәліметтері бойынша біз мынадай түйін жасай аламыз. Жастардың өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, елдегі болып жатқан саяси өзгерістерге, болып жатқан оқиғаларға ден қояды. Өздерінің бағасын беруге тырысады. Билік институттарында орын алған жемқорлық теріс факторының бар екендігін атап айтады. Қандай бір жағдайда болмасын өздерінің талап-тілектерін айтуға әзір, бірақ оның естілетініне күмән келтіреді. Наразылық деңгейі жөнінде айтар болсақ, оны қалыпты деп айтуға болады. Жастарымыз наразалық білдірудің зорлықшыл түрінен бас тартады. Бұл сұрауға қатысқан информанттар – 18-20 жастағы өсіп келе жатқан буындар. Осы жастардың азаматтығы, отансүйгіштігі, саяси көзқарастары аға буын үшін, елдің ертеңі үшін маңызды. Ертеңгі билік – осы жастардың қолында. Сондықтан елдің келешегі үшін оларды дұрыс бағыттау – парызымыз. Сол үшін жаһандану жағдайында, ақпарттық қоғамдағы болып жатқан өзгерістердің ағынында жастардың талғамын, пікірлерін, құндылықтарын зерделеп отыру өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес.
2-мәтін
Ресей жастарының саяси белсенділігі Молдовия, Украина, Грузия, Қырғызстандағы «түрлі түсті революциялар» атанған жағдайларда басты қозғаушы күш жастар екенін көрсетіп отыр. Елдің саяси жүйесіне, экономикалық ахуалына, жемқорлықтың етек алуына, жастар мен кедейлердің табыстары арасындағы алшақтықтың өсуіне деген көзқарасы көбінесе жастардың наразылығын тудыруда.
Рабиндранат Тагордың пікірінше, жастардың бойы «шексіз үміт пен құлшынысқа» толы. Оларда әділдікке деген ерекше сенім мен жігер бар. Сонымен қатар, қазіргі жастар жаңа технологияларды, оның ішінде ғаламторды жылдам игеріп, белсенді саяси көзқарастарын қалыптастыруда. Социологтардың зерттеулері бойынша 80 жылдардың соңында жастар мемлекеттің саяси-экономикалық, әлеуметтік өміріне ерекше белсенділік танытуы нәтижесінде қоғамдық толқуларды туындатса, 90 жылдары өскелең ұрпақ өз-өздерімен болып, саясатпен қызықпағанын, елдің әлеуметтік және саяси өміріне қатыспағанын көрсетеді.
2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1) Не себептен жастарды зерттеу қажет? 2) Бірінші мәтінде автордың жастарға «мемлекет мәселелеріне сезімтал және қабылдағыш топтардың бірі» деген анықтама берудің себебі неде? Түсіндіріңіз. 3) Зерттеу нәтижесінде қазақстандық жастардың қандай қасиеттері анықталған? Сіз оларды қалай бағалайсыз? 4) Жастарды зерттеу нәтижелері қандай мақсатта қолданылуы мүмкін?
Решение:
1.Ұқсастығы:Екі мәтінде де жастар қауымы жайлы сөз қозғалған.Олардың қоғамдағы орны және белсенді әрекеттері анық айтылған.
Айырмашылығы:Бірінші мәтінде жалпы жастардың қазіргі кездегі деңгейі сипатталған болса.Екінші мәтінде жалпы әлемдегі көптеген елдердегі жастар қауымының белсенділігі сөз етілген.
2.
1)Жастарды зерттеудің маңыздылығы Жастар – қоғамның бөлшегі. «Жастар өмір сүріп отырған қоғамды түсінбейінше, жастардың өзін және оларға тән мәселелерді түсіну қиын. Осы қоғамның жастарын түсінбей, оның барлық, соның ішінде, жалпы қайшылықтары мен мәселелерін білмей қоғамның одан арғы болашағын болжап айту мүмкін емес. Қоғамдағы мәселелер бастауын жастардан алады.
2)Мұндай қасиеттерді елемеу немесе оны жеткіліксіз зерттеу жастардың саяси талғамдарын бұрыс түсінуге алып келеді, бұл өз кезегінде жастардың абсентеизмі тетіктерін іске қосады.
3)Жастардың өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, елдегі болып жатқан саяси өзгерістерге, болып жатқан оқиғаларға ден қояды. Өздерінің бағасын беруге тырысады. Билік институттарында орын алған жемқорлық теріс факторының бар екендігін атап айтады. Қандай бір жағдайда болмасын өздерінің талап-тілектерін айтуға әзір, бірақ оның естілетініне күмән келтіреді. Наразылық деңгейі жөнінде айтар болсақ, оны қалыпты деп айтуға болады. Жастарымыз наразалық білдірудің зорлықшыл түрінен бас тартады.
4)Зерттеудің мақсаты жастардың өздерінің әлеуметтік өмір сүру деңгейіне қанағаттану деңгейін анықтау, саясатқа қызығушылық деңгейін айқындау және олардың болашаққа деген сенімін зерттеу болып табылды.