СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Жастар мәселесінің түйіткілдері

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Жастар мәселесінің түйіткілдері

Задание:

Мәтінді түсініп оқыңыз.

Ұрпақ ауысқан сайын, заман да жаңарып бара жатқандай әсер қалдырады. Әр ұрпақ өзін барынша заманға сай адам ретінде сезінетіні заңдылық. Техникалық прогрестің арқасында ол өзінен бұрын өмір сүрген адам көрмеген нәрселерді қолданады. Расымен, өткен ғасыр адамдарының қиялында болған іPad-тың бір өзі қандай зор мүмкіндіктер беріп жатыр! Адамдардың ойлары, киім кию әдебі өзгеріп, жаңа ұрпақпен жаңа өмір басталып жатады. Өз заманында ең атақты болған әуендер, сән үлгілері, қарапайым шаш сәні қазір бізге тым қарапайым болып көрінеді емес пе? Анаңыздың не әкеңіздің суреттерін көріп отырып, дәл қазір өзіңіз сол суреттегідей балақты шалбармен көшеге шығар ма едіңіз? Біздің ұрпағымыз да біршама жылдардан кейін, ноутбукті көрген кезде “Неткен қарабайыр техника!” деп айтуы әбден мүмкін! “Виртуалды әлем” пайда болып, кейбіріміз осы әлеммен өмір сүреміз. Күніміздің тым көп бөлігі жұмыста өтеді. Жұмыс үшін жеке өмірді кейде ұмытамыз. Алайда сол жұмыстың тапсырмаларына үлгермей, жанталасып жатамыз. Кез келген техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолданып, жоғары технологиядан хабардар болып жүргеніңіз жөн. Айпад пен айфонды бір-бірінен ажырата алмау жаңа заман адамы үшін ұят деуге де болады. Заманауи адам болып жатқан маңызды жаңалықтарға құлақ түріп жүруі керек. Кез келген тақырыпты әрі алып кете алатындай ой өрісіңіз, біліміңіз болғаны жөн. Заманауи адам – жоғары білімді, өте мәдениетті, рухани бай және жетістікке жете білетін адам. «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек». Гардеробыңызда кез келген жағдайға: жұмысқа, кездесуге, отырысқа, кештерге т.б. арналған киімдердің тұрғаны жөн. «Қазір адамды киіміне қарап бағалайтын заман» деген сөз рас. Сондай-ақ адамның сіз туралы ең бірінші ойы сыртқы келбетіңізге байланысты қалыптасатыны дәлелденген. Мейіргүл Оңғарова

«Заманға сай адам. Ол кім?» деген тақырыпта мақала жазу үшін мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланып, жоспар құрыңыз. Әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтаңыз. Дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстырыңыз.

Решение: