СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Тыңдалым мәтіні

Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция мәселелері уақыт өткен сайын өзекті болып келеді. Бүкіләлемдік банк баяндамасы бойынша Қазақстан әлемдегі еңбек мигранттарын қабылдау бойынша 9-орында. Халықаралық және Қазақстандық сарапшылардың талдауы бойынша Қазақстан арзан жұмыс күшіне қарағанда сапалы, жоғары квалификациялы мамандарға мұқтаж. Мәселен, елімізге 2001 жылы 8737 маман келсе, 2004 жылы олардың саны 17274-ке жетіп, 2007 жылы шетел мамандарының саны үш есеге өсіп жетті. Статистика бойынша шетел мамандарының саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Шетелдік жұмыс күшінің Қазақстандағы үлесі бойынша Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Индия, Италия және Ресей мемлекеттері көшбасшы болып табылады. Бұл мемлекеттердің үлесіне бүгін жалпы ресми шақырылған жұмыс күшінің 60-70% пайызын құрайды. Шетел мамандарының басым көпшілігі құрылыс салаларында жұмыс атқарады екен. Келуші мамандардың басым көпшілігі – инженер мамандықтарының иелері. Біздің мемлекет үшін мамандардың келуі өте маңызды болып табылады. Бірақ әлем қарыштап дамып жатқанда, жоғарғы технологияларды меңгерген мамандарды шақырған абзал. Қазақстанда табыла бермейтін, мүлдем кездеспейтін мамандық иелері болғаны дұрыс. Дамыған мемлекеттердің барлығы дерлік шетел мамандарын шақырғанда, жоғарғы технологияны меңгерген мамандарды шақырады. Қазақстанға шетелден жұмыс күші ағылып жатқанда, мемлекет азаматтары әлеуметтік жағдайын дұрыстау мақсатында ішкі миграциялық ағымдарға белсене қатысуда. Яғни халықаралық миграция қатысушылары бір дамымаған аймақтан екінші дамыған аймаққа қоныстанса, мемлекетішілік миграция сол секілді экономикалық әлсіз аймақтан экономикалық қуатты аймаққа көшуді білдіреді. Мемлекет егемендігін жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекетішілік миграцияға жылына 350 000 адам қатысса, жалпы ел азаматтарының 5-6 миллионға жуығы миграциялық үдерістердің қатысушысы болған. Ішкі миграцияның басты және негізгі бағыты ауыл-қала, қала-қала бағытында жүріп отыр. Оның негізгі себептері ауыл тұрмысының нашарлауында. Ауыл шаруашылығы әлсіреді. Жұмыссыз қалған тұрғындар қаржы іздеп қалаларға кете бастады. Сол көш әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ол көш тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Яғни белгілі бір уақыт аралығында. Ал қанша уақытқа қалаларға барып жұмыс жасайтындығын нақты анықтау мүмкін емес. Ата заңымызда Қазақстан Республикасының азаматтары көшіпқонуға ерікті, құқылы деп жазылған. Егер азаматтардың тұрғылықты мекеніңде жұмысы болмаса, отбасының, балаларының болашағын жоспарлау қиындық туғызатын болса, өзіне ыңғайлы жерге көшетіні әлемдік тәжірибеден белгілі. Миграция заңдылығы бойынша миграцияға ең ақылды, еңбекке қабілетті адамдар түседі. Демек, белгілі бір аймақтан білімді, интелектуалды және еңбекқор азамат өзге аймаққа кетіп жатса, сол аймақ үлкен капиталдан айырылды деген сөз.

Решение:

Ең бірінші:Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция мәселелері уақыт өткен сайын өзекті болып келеді. Бүкіләлемдік банк баяндамасы бойынша Қазақстан әлемдегі еңбек мигранттарын қабылдау бойынша 9-орында.

Содан кейін:Халықаралық және Қазақстандық сарапшылардың талдауы бойынша Қазақстан арзан жұмыс күшіне қарағанда сапалы, жоғары квалификациялы мамандарға мұқтаж. Мәселен, елімізге 2001 жылы 8737 маман келсе, 2004 жылы олардың саны 17274-ке жетіп, 2007 жылы шетел мамандарының саны үш есеге өсіп жетті. Статистика бойынша шетел мамандарының саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Шетелдік жұмыс күшінің Қазақстандағы үлесі бойынша Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Индия, Италия және Ресей мемлекеттері көшбасшы болып табылады. Бұл мемлекеттердің үлесіне бүгін жалпы ресми шақырылған жұмыс күшінің 60-70% пайызын құрайды.

Тағы:Қазақстанға шетелден жұмыс күші ағылып жатқанда, мемлекет азаматтары әлеуметтік жағдайын дұрыстау мақсатында ішкі миграциялық ағымдарға белсене қатысуда. Яғни халықаралық миграция қатысушылары бір дамымаған аймақтан екінші дамыған аймаққа қоныстанса, мемлекетішілік миграция сол секілді экономикалық әлсіз аймақтан экономикалық қуатты аймаққа көшуді білдіреді. Мемлекет егемендігін жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекетішілік миграцияға жылына 350 000 адам қатысса, жалпы ел азаматтарының 5-6 миллионға жуығы миграциялық үдерістердің қатысушысы болған. Ішкі миграцияның басты және негізгі бағыты ауыл-қала, қала-қала бағытында жүріп отыр.

Соңында:Ата заңымызда Қазақстан Республикасының азаматтары көшіпқонуға ерікті, құқылы деп жазылған. Егер азаматтардың тұрғылықты мекеніңде жұмысы болмаса, отбасының, балаларының болашағын жоспарлау қиындық туғызатын болса, өзіне ыңғайлы жерге көшетіні әлемдік тәжірибеден белгілі. Миграция заңдылығы бойынша миграцияға ең ақылды, еңбекке қабілетті адамдар түседі. Демек, белгілі бір аймақтан білімді, интелектуалды және еңбекқор азамат өзге аймаққа кетіп жатса, сол аймақ үлкен капиталдан айырылды деген сөз.