СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

Задание:

1. Мәтінді түсініп оқып, сызба бойынша негізгі ақпараттарды анықтаңыз.

Ішкі миграция жұмыссыздыққа әкеліп соқтырады Жастар арасында қарқынды өсіп жатқан жұмыссыздықты жою үшін арнайы құрылған және кең торабты кәсіби техникалық училище сияқты оқу орындарының көп болуы қажет. Бірақ қазіргі кезде біз мұндай торабтардың азайып кетуін байқап отырмыз. Айта кететін жай миграция процестерінде ең басты орынды прописка мен тұрғын үй мәселелері алып отыр. Сондықтан негізінен мигранттар өздерінің таныстарының немесе туыстарының үйінде тұрып жатыр. «Қазақстандағы миграцияны басқару туралы» қаулы жергілікті халыққа жағымды жағдай жасай отырып, тіркеуге тұру және одан шығуды реттейтін және бақылайтын процедуралар туралы заңдарды қамтуы тиіс. Миграциялық ағымдардың құрылуына басты орындардың бірін бұқаралық ақпарат құралдары алады. Мигранттардың жаңа тұрғын орындарына ағылып келуіне әсер ететін факторлардың бірі – ол жаңа орын туралы ақпараттармен қамтылуы. Нарықтық экономикалық жағдайдағы миграциялық прогресс нарықтық шарттармен реттелінеді. Мұндай жағдайларда да миграциялық процестерді басқарудың бүтіндей жүйесі қажет. Бұл негізінен сыртқы миграцияға байланысты, яғни республиканың келушілеріне квота белгіленуі тиіс. Қазақстанның миграциялық саясаты экологиялық келімсектерге арнайы статус берілуі керек. Ол келімсектерге Арал маңынан, Семей ядролық полигоны аймағынан келгендер, сонымен қатар жер сілкінісі ықтимал аймақтардан және ауыр экологиялық апаттардың салдары болуы мүмкін аудандардан келгендер жатады. Егер мұндай процестерді реттемей өзінің табиғи ағымына жіберсек, ол кіру жерлерінде әлеуметтік-экономикалық проблемаларды әбден туғызуы мүмкін. Мүмкін болған жағдайда Қазақстан қалаларында эммиграцияны шектеу қажет. Себебі мұндай процестер ауыл жастарының қалаға ағылып келуіне байланысты әлеуметтік тығыздыққа, еңбекпен қамтудың қиындықтарына әкеліп соқтырады. Орта Азиядағы және Кавказдағы ұлтаралық қақтығыстар салдарынан қашқандар Қазақстан Республикасының қалаларынан баспана табуға тырысады. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының бір бөлігін эммигранттар құрайды. Эммигранттардың жұмыс күші туралы ақпараттар базасын құрып, мұндай ақпараттармен әртүрлі аймақтарда алмасып тұру жұмыс күшін қажет ететін аймақтарға мигранттарды бағыттауға мүмкіндік береді. Миграциялық қызметтің миграциялық қақтығыстары туралы болжамдары болу керек. Кез келген тілдік, территориялық, психологиялық экстремизм жергілікті халықтар мен мигранттар арасында қақтығыстарды туғызады. Республикадағы саяси тұрақтылық елдегі екі негізгі этностардың (орыс және қазақ) арасындағы қатынастарға байланысты. Адамдардың жаппай миграциясы территорияда тұрғындарды қайта бөлуге әкеліп, ірі әлеуметтік проблемаларды туғызып, ұлттық шаруашылықты шығындандырады. Реттелмеген миграция тұрғылықты халықтың жыныстық-жастық құрылымын бұзып, жыныстық теңсіздікке әкеліп соғады. Нәтижесінде кейбір аймақтарда әйелдердің, ал кейбір аймақтарда еркектердің саны көп болып, жаңа отбасылардың құрылуына кедергі жасайды. Қазақ халқы өзінің демографиялық қатынастағы тарихи және әлеуметтік дамуының жоғарыда аталып кеткен кезеңінде болып отыр. Миграцияның және миграциялық ағын туралы ақпараттың жеткілікті болуы миграцияны дұрыс басқарудың ең негізгі, әсерлі элементі. Қазіргі кезде нақты мәліметтер, ағынның дұрыс бақылануына, тенденцияны түсіну, яғни бағдарлама мен саясаттың құрылу базасына ықпалын тигізеді, келісімдердің негізі-стастистикалық және құжаттық ақпараттардың дұрыс шешімдерді шешуге көмек береді. Халықтың миграциясы туралы негізгі ақпарат көзі – мемлекеттік статистика, ол халық санағы және ағымдағы миграция туралы есеп береді. Сонымен қатар таңдамалы тексерулер жүргізіледі. Мұндағы мақсат – халықтың көшу себептерін анықтау. Халықтың миграциялық қозғалысын көрсеткіштер жүйесі арқылы іздейді. Ол құбылыстың белгілі бір жағын анықтауға әсерін тигізеді. Мысалы: мигранттардың құрамын, көлемін, көшудің бағытын, көшу интенсивтілігін және нәтижелігін анықтауға болады.

2. Мәтіннен деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді анықтап, олардың қолданылу мақсатын түсіндіріңіз

Решение: