СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Ұлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ұлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік

Задание:

Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұны бойынша берілген сөздердің анықтамасын жазыңдар.

Ұлттық Қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіпқатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мысалы, шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтарды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани баса-көктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіп-қатерден қорғануы.

Решение:

Ұлттық Қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі ішкі және сыртқы қауіпқатерлерден қорғалғандығы.

Мүдде — қоғамдағы әлеуметтік субъектілер іс-әрекетінің, өмір сүру бағдарының негізі, ішкі қозғаушы күші.

Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы.

Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіп-қатерден қорғануы.