СОР № 1 Казахский язык 11ЕМН класс Ұлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік

Назад
Казахский язык - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Ұлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік

Задание:

1. Мәтіннен тақырыпқа қатысты күрделі сөздер мен терминдерді теріп жазып, олардың жасалу жолын анықтаңыз.

Өскемендегі облыстық драма театрында залында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын болып өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюк орган қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ширек ғасыр ішінде атқарылған қызметке жоғары баға берген-ді. Расында да, ел тыныштығын қас қақпай күзету – мерейлі мәртебе, асқақ абырой. Осы орайда елдегі тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуді, терроризмді, лаңкестікті жою сынды маңызды міндеттерді орындауда ҰҚК-нің үлесі айрықша. – Еліміздің бірінші президентінің Жарлығымен осыдан ширек ғасыр бұрын құрылған комитет ел тәуелсіздігімен бірге өзінің қиын да күрделі қалыптасу жолынан өтті. Осы уақыт ішінде жұмыстары жария етіліп, көзге көріне бермейтін мекеме қызметкерлері шекарамыздың беріктігін, еліміздің тұтастығын қамтамасыз етуде, тәуелсіздікті нығайтуда айтарлықтай үлес қосты. Бұл – тәуелсіздікті тұғырлы, елдігімізді еңселі етудегі Сіздердің уақытпен санаспайтын жұмыстарыңыздың нәтижесі, кәсіби даярлығы жоғары, білікті де білімді, ең бастысы, өз елінің шынайы патриоттары ретіндегі қызметтеріңіздің арқасы. Әлемдегі отыз озық елдің қатарына қосылуды мұрат еткен еліміздің асқаралы стратегиялық міндеттерін орындау Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлеріне бұрынғыдан да зор жауапкершіліктер жүктеп отырғаны анық. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында «Болашағын айқындап, сынқатерлерді күтіп отырмастан оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді» деп атап көрсетеді. Басқа қауіптермен қатар адамзат қауымы терроризмнің белең алуымен бетпе-бет кезігіп отырғанын айта келе, деструктивті күштермен ымырасыз күрес жүргізу – бүгінгі күнде ең басты міндет екенін нақтылайды. Сіздерді ұлт мүддесін қорғау жолындағы жанқиярлық еңбектеріңіз бен кәсіби қызметтеріңіз біздің отандастарымыздың алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіруіне кепіл болып, Қазақстанның мемлекеттік қаупсіздік жүйесін одан әрі нығайта беретініне сенімдіміз, – деген Нұрымбет Сақтағанов бір топ үздік қызметкерге арнайы алғыс хаттарды табыс етті. Бұдан соң департамент бастығы «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» ведомстволық медалін, сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының грамотасын және Алғыс хатын бір топ сала қызметкерлеріне табыс етті. Мерекелік кеште бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер арнайы органдағы ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үздік қызметкері» төсбелгісіне, «ҰҚК-не 25 жыл» мерекелік медаліне ие болды.

2. Жұбыңызбен «Ұлттық қауіпсіздік – ел тірегі» тақырыбында сөйлесіңіз. Ауызша мәтін құрауда күрделі сөздер мен терминдерді орынды қолданыңыз

Решение:

1.

Күрделі сөздер:сынқатерлерді,жанқиярлық,отандастар;

Терминдер:Ұлттық қауіпсіздік комитеті,ұлтаралық,конфессияаралық,жарлық,комитет,тәуелсіздік,тұтастығы,нығайту,патриот,жаһандық, деструктивті,ұлт мүддесі,ведомстволық медалі;

2.

Ұлттық Қауіпсіздік- азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік — ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

Бүгінде әлемдегі барлық мемлекеттер ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде бірінші орынға шығарады. Бұл үшін мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғам ретінде азаматтық қоғамды құру болып табылады, өйткені ХХІ ғасырда азаматтар мен мемлекеттің дамуындағы ақпарат, ақпараттық ресурстар мен технологиялар рөлінің өсуі байқалады.Әрине, ұлттық қауіпсіздік пен патриотизмнің идеяларын насихаттаусыз, түсіндірусіз және жарияламай қалыптастыру мүмкін емес. Бұл үдерісте отандық бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика және публицистика маңызды рөл атқарады. Қайта құру саясаты, ең алдымен, публицистикада көрініс тапқан ұлттық тарихи жадының қайта жандануына түрткі болды. Публицистикалық ой барлық қазақ интеллигенциясын қамтыды, ол өз идеялары мен ұсыныстарын БАҚ арқылы жаңғыртылған ұлттық сана-сезімнің барлық аспектілері мен бағыттары бойынша жеткізе бастады. Осы жылдардың публицистикалық мақалалары сол кездегі ұлттық сана-сезімді көтеру ісінде маңызды рөл атқарды және кейіннен Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жаңа бірегейліктің қалыптасуының рухани негізі болды.Теория мен практиканың кез келген саласы қатаң түсінікті аппаратқа негізделген. Қазіргі таңда ол ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементтерінің бірі ретінде бағаланады. Ақпараттық қауіпсіздіктің көптеген ұғымдары мен терминдері қауіпсіздіктің осы ерекше түріне тән ерекше маңызды қасиеттердің, белгілер мен қатынастардың кең спектрін бейнелейді.