СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Ұлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік
НазадҰлт мұраты – ұлттық қауіпсіздік
Задание:
«Ұлттық қауіпсіздік – бұл мемлекеттік ғана емес, әр жеке тұлғаның да жауапкершілігі». Мәселенің артықшылығы мен кемшілігін салыстыра отырып, аргументаивті эссе жазыңыз. Сөз саны – 200-250 сөз.
Решение:
Ұлттық Қауіпсіздік — азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік — ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.
Қауіпсіздік мəселесі мемлекеттің өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Ол халықаралық саясаттың кез келген мəселесімен тығыз байланысты.Қазіргі уақытта əр елдің даму барысында халықаралық саясаттың қауіпсіздік саласындағы көптеген өзекті мəселелері алдыңғы орынға шығуда. Мəселен, лаңкестік, діни экстремизм, ымырасыз сепаратизм секілді қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Сонымен бірге заңсыз есірткі жəне қару-жарақ саудасы, заңсыз көші-қон, адам саудасы жəне ұйымдасқан қылмыс та ұлттық қауіпсіздіктің басты мəселелеріне айналды.
Соңғы кездердегі қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттерді бірлесе қарсы тұруға итермелейді. Осыған орай, ортақ мəселелерді шешу жолындағы интеграциялық үдерістерді кеңейту жəне əлемдік қоғамдастықтың ісəрекетін үйлестіру мақсатында мемлекеттер өздеріне ерікті түрде міндеттемелер алып, өздерінің кейбір қызметтері мен өкілеттіктерін ұлттық биліктен жоғары деңгейде əрекет жасайтын халықаралық ұйымдарға беруі заман талабына сай келеді. Əр елдің өз дамуына негізделген ұлттық саясаты айқындалады. Ұлттық саясаттың басты ұстанымы – ұлттық құндылықтар негiзiнде əр ел өзiнiң экономикалық, саяси, рухани тəуелсiздiгiн, ел қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жəне аумақтың бiртұтастығын мəңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының əлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға негіздейді. Сондай елдердің қатарына Қазақстан Республикасы да ұмтылуда.Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық алаңда тұрақтылықтың негізін қалаушы елдердің бірі десе болады. Ол халықаралық қатынас- тар жүйесінде өзекті əлемдік жəне аймақтық мəселелерді шешуге, жаңа əлемдік тəртіпті құру ісіне белсенді түрде араласуда. Өзімен іргелес жатқан елдермен шекара мəселелерін толыққанды айқындаудың негізінде оны халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес жəне əлемнің жетекші елдерімен достық жəне өзара пайдалы ынтымақтастық қатынастарын орнатты. Соңғы кездегі мəлімет бойынша Қазақстан Республикасы 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасын нығайтты.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егенменді мемлекетке айналғалы да жиырма жылдан астам уақыт болды. Дербес мемлекет ретінде қалыптаса бастағаннан кейін, республикамыздың мемлекеттік белгілері айқындалғаннан кейін, яғни, тәуелсіздігі жарияланып, шегарасы белгіленіп, конституциясы қабылданғаннан кейін, мемлекеттің функциялары да анықталды. Жаһандану үрдісінің екпінінің артуы Тәуелсіз мемлекетіміз үшін ішкі және сыртқы саясаттың салмағы пара-пар екендігін аңғартты деуге болады.
Қорыта айтқанда, ұлттық қауіпсіздік саласындағы стратегиясы жалпылай мемлекеттің маңызды ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету үшін тұтасымен алғанда мемлекеттік биліктің барлық институттарымен; құқықтық-экономикалық және әкімшілік әдістердің бүкіл дерлік құралдары мен тәсілдерін дұрыс қолдана білу негізінде іске асуы тиіс. Қазіргі таңдағы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы: қоғамның әлеуметтік-саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, тұрғылықты халықтың өмір сүру деңгейін қажетті жақсы деңгейде ұстауға Қазақстанның Конституциялық тәртібінің негіздерін сақтау және мемлекеттік құндылықтар мен мүдделердің тұрақты жүйесін қалыптастыруға бағытталуы қажет.