СОР № 1 Казахский язык и литература 11ЕМН класс Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші

Назад
Казахский язык и литература - 11ЕМН класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші

Задание:

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Көтерілген мәселеге өз көзқарасыңзды дәлелді жеткізіңіз. Мәтіннің негізгі идеясы қандай? Көтерілген мәселеге сенің көзқарасын қандай?

Уақыт деген – өмір Бүкіл әлемге танымал КСРО-ның Ғылымдар Академиясының академигі Отто Юльевич Шмидт (1891-1956) 14 жасында өз өмірінің жоспарын егжей-тегжейлі жасап қойған. Бұл жоспарында ол өз өмірінде қандай кітаптарды оқып бітіруі тиіс екендігін, қандай ғылымдарды игеруі керектігін, қандай мәселелерді шешуі керектігін және физикалық тұрғыдан даму жолдарын айқындап көрсеткен. Алайда осының бәрін жазып, бұл істерге қанша уақыт кететіндігін есептеп келіп қалған кезде бұл бағдарламаны орындау үшін 900 жыл уақыт керектігін көреді! Ол жоспарын қысқартады, бұл қысқартылған бағдарламаға 500 жыл керек екен. Тағы да қысқартады, ақырында 150 жылға саятын бағдарлама шығады, осымен қысқартуын тоқтатады. Өз өмірін сағат-минутына шейін жоспарлап қойған. Ол өмірінің аяғына шейін 150 жылға жоспарланған жоспарын орындайды. Ал ол неше жасында қайтты? 64 жасында!!! Яғни ол өз «нормасын» 3 еседей дерлік артық орындаған! Көбіне адам уақыттың өткінші екенін, зырылдап өтіп жатқанын сезіне бермейді. Осыған байланысты ғалымдар адамды «мен қозғалмастан отырмын, ал айналадағылар менің жанымнан зырылдап өтіп жатыр» деп ойлайтын поездағы жолаушымен теңейді. Ал шын мәніне уақыт адамды межеленген нәрсеге алып келеді.

Решение:

Бұл мәтінде көтеріліп отырған мәселе өте өзекті жағдай деп айтуға болады.Автордың жазғандары нақты түрде жеткізілген.Айқын түрдегі мысалмен ойын ашық жеткізе білді.Уақыт-өткінші дүние екені рас.Ол ешкімді күтіп,біреудің жағдайына қарап тұрмайтыны белгілі.Әсіресе қазіргі заманда көп адамдар уақыттың қадірін біле бермейді.Көп уақыттарын пайдасыз әлеуметтік желіде өткізеді.Соның әсерінен көп уақыттарын жоғалтып алады.Ал уақытты тиімді пайдаланбау өмірінді құр босқа өткізумен тең.

Мәтіннің негізгі идеясы,оқырманға уақыттың аса құнды дүние екенін жеткізгісі келді.Ешқашан уақыт артқа қайтып келмейтінін,дер кезінде пайдаланып қалу керектігін айқындап тұр.Әрқашан адамдар өзінің уақытының әрбір минутына дейін жоспарлы түрде өткізгені абзал болатына рас.Өз өміріне пайда алып келетіндей істермен айналысып,жақсылық жасау арқылы уақытты тиімді өткізуге болады.Адам өмірін баянды еткісі келсе,әр минутының қадірін түсінгені жөн.Жоспарлы қадамдармен жүрсе ғана биік шыңдарды бағындыра алатыны белгілі.Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты – мың теңге болса, енді біреудікі – бір тиын!