СОР № 1 Казахская литература 9 класс Адам жанының құпиясы

Назад
Казахская литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Адам жанының құпиясы

Задание:

Құлагер ескерткішінің авторы Сәдібек Түгелдің туындысы мен І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Құлагер бейнесін сипаттаған үзіндіні салыстырып, көркемдік құндылығын бағалаңыз.

Тәует бас, қамыс құлақ, қуарған жақ, Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқыншақ, Қоян жон, жазық жая, жауырынды, Құс топшы, қос шынтағы қалқыңқырақ. Сіңірлі, жер соғарлы, аяғы тік, Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншік, Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық; Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп? Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық, Не қою, не болмаса емес сұйық! Бұтының арасынан ел көшкендей, Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық.
Шүйделі, шоқтығы өргек, шідерлігі, Серке сан, желмаядай тілерсегі; Тау желін тартса жұтқан талыс танау, Тынысты кеңде жатыр кеңірдегі. Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ, Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ. Қақпан бел, қалбаңайлы, үңгір сағақ, Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ.

Решение:

Құлагер ескерткіші құлагер поэмасындағы құлагердің бейнесіне айнытпай жасалынған. Поэма да айтылғандай нағыз қазақ жылқысына тән түстары анық көрсетілген. Сол себепті бұл ескерткіш біздің ұлттық құндылығымыз болып табылады