СОР № 1 Казахская литература 9 класс Н.Айтұлы «Бәйтерек»
НазадН.Айтұлы «Бәйтерек»
Задание:
«Мәңгілік Ел белгісі – аспандаған Бәйтерек» тақырыбында эссе жазыңыз. Эсседе ұрпақтар арасындағы байланысқа, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Решение:
Мәңгілік Ел белгісі – аспандаған Бәйтерек
Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Назарбаев Н.А Тәуелсіздіктің жиырма екі жолында Қазақстанның жүріп өткен жолы да «тар жол, тайғақ кешуден» тұрғанын газет- журналдардан оқып, біліп жүрміз. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қалижан өзінің мақаласында «Біз «азапты жолдан» өттік , мың өліп, мың тірілдік» — деп атап көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл кезең экономика жағдайы, адамдардың рухани дүниесі күйзелісінің ең биік шыңы болды деп ойлаймын. Осы бір күрделі кезеңнен үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, қарапайым азаматтардың қолдауымен және ел басшылығының жүргізіп отырған сауатты ішкі және сыртқы саясатының арқасында шыға алдық. Елбасымыз биылғы Жолдауында «Күш жігерді біріктіре отыра 22 жылда қыруар іс тындырдық , үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық» деп сеніммен айтты.