СОР № 1 Казахская литература 9 класс Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы

Назад
Казахская литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қажығали Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романы

Задание:

Романдағы Сырым Датұлының отаршылдық саясатқа қарсы күресі қалай көрініс тапты? Шығарманың басты идеясы мен басты кейіпкер әрекетін негізге ала отырып, әдеби эссе жазыңыз.

Решение:

Қара-мағындағы халқына сатқындық жасаған, билігін сақтау үшін Ресейдің жазалаушыларына ауылдарды талқандатқан, тонатқан, Нұралы Хан, Халық кеңесінің шешімімен тақтан тайдырылды. Сырым­ның әскери-қолбасшы тұғырындағы ұйымдастырушылығының нәтижесінде отаршылдармен болған бірнеше шайқастарда қазақ қолы жеңіске жетеді. Қолбасшы батыр Сырымның жаттығу кезіндегі дайындығы жанындағы серіктеріне де, ұлттық-азаттық жолын­дағы күрескерлерге де халықтың да сенімін күшейтті. Бес жүз мергеннің жүздіктерін бес жерге орналастырып, әр жүздіктегілердің ондықтары кезек-кезек оқ жаудыруын да бәрін тарихи деректі болмысымен оқырманның көз алдына елестетеді.

Эссе:
Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды ­шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын танытқан Сырым Датұлының ерлігі шексіз.

Романның көркемдік сипатын танытатын ерекшелігі – басты кейіп­кер Сырымның қолбасшылық-батыр­лық қасиеттерін даралайтын сыртқы келбеті (портреті) мен мінез-құлық психологиясының поэтикалық тұтастықпен өрілетіндігі. Басты кейіп­кердің кескін-келбетін киген киімімен, мінген тұлпарымен, сол мезеттегі табиғат құбылысымен, маңындағы адамдардың көңіл күйімен, сонымен бірге халық тағдырының өткені мен бүгінгі болашағын сабақтастыра толғанған жан ділі күйзелістерімен тұтастыра бейнелеудегі көркем шындық эстетикасына тән өрнектері мол байқалады.

Сырым­ның әскери-қолбасшы тұғырындағы ұйымдастырушылығының нәтижесінде отаршылдармен болған бірнеше шайқастарда қазақ қолы жеңіске жетіп, мәңгі батыр болуы естен кетпейді.