СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Жаһандық мәселе: демография

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Жаһандық мәселе: демография

Задание:

Қазақстандағы статистика орталығының қызметкері мен тілші арасындағы сұхбаттың мәтінін жазыңыз. Сұхбат мазмұнында мәтіндегі ақпараттарға сілтеме жасап қолданыңыз.

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынас тәрізді мәселелер енеді. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Осы үрдісті азайту үшін жасалған көптеген әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. XIX ғасырдың бас кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатологғалым Джеймс Лавлок), Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді. Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты. Ол – демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіпқонуына экономикалық және саяси мәселелер, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.

Решение:

Тілші:

-Сәлеметсіз бе,сұхбатымызға қош келдіңіз!Бүгінгі көтерілетін басты тақырыбымызбен таныстыра өтейін, елдегі демографиялық жағдай жайлы болмақ.

Қызметкер:

-Сәлеметсіз бе,құрметіңізге көп рақмет.

Тілші:

— Бірден тақырып жайлы сөз қозғасақ.Сіз өз ойыңызды білдіре кетсеңіз?

Қызметкер:

-Жалпы,елдегі демографиялық статистика әр жыл сайын өзгеріп отыратыны белгілі.Демографиялық статистиканың жақсы және жаман жақтарын да қарастыруға болады.

Тілші:

-Негізі осы демография ғылымының түсінігін айта кетсеңіз?

Қызметкер:

-Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым болып келеді.

Тілші:

-Түсінікті,ал демографилық жарылыс дегенді қалай түсінуге болады?

Қызметкер:

-Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды.

Тілші:

-Ал бұл жағдайдың алдын қалай алуға болады?

Қызметкер:

-Жалпы,бұл үрдісті тоқтату үшін көптеген әрекеттер жасалып жатыр.Алайда өкінішке орай,нәтижеге жетпей жатыр.

Тілші:

-Түсінікті,осылай ашық әрі нақты түрде сұрақтарға жауап бергеніңізге көп рақмет.

Қызметкер:

-Әрине,сіздің де сұхбатқа шақырғаныңызға қуаныштымын.Сау болыңыз!

Тілші:

-Келесі кездескенше,сау болыңыз!