СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Роботтар мен киборгтар әлемі
НазадРоботтар мен киборгтар әлемі
Задание:
Сіз мектебіңізде «Робототехника» үйірмесін ұйымдастырмақсыз. Үйірмеге оқушыларды қызықтыратындай жарнама мәтінін құраңыз. Мәтін құрауда берілген сөздерді қолданыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестері: ғылыммен айналысу, пәнаралық байланыс, білімді кеңейту, халықаралық байқау, қызығушылық, танымалдылық, жоба, т.б.
Решение:
Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады. Робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге сүйенеді. Робототехника механика және жаңа технологиялар проблемасын жасанды интеллект проблемаларымен ұштастырады.ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Экономикамызды ілгерілету үшін осы салаға терең ден қоюымыз керек.
Осы үйірмеге қосылу арқылы,сендер болашаққа өз білімдерінді нығайта түсесіндер.Бұл ғылыммен айналысу арқылы заман талабына сай түрде дамуға болады.Бүгінде «ақылды» ойыншық көліктер өмірімізге дендеп ене бастады. Сан салада медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Төбеде қалықтап жүріп, мерекелік шараларды бейнеге түсіретін робот-дрондарға, күрделі механизмдерді көз ілеспес жылдамдықпен және асқан дәлдікпен құрастыратын робот-қолдарға көз үйрене бастады.Егерде сендер де ерекше бір қызығушылық таныту арқылы осы ғылыммен теренірек айналыссандар,үлкен шындарды бағындыратындарын анық.Басқалардан өзгеше туынды ойлап тапсандар,танымалдылыққа да қол жеткізетіндерін белгілі.