СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Роботтар мен киборгтар әлемі
НазадРоботтар мен киборгтар әлемі
Задание:
Мәтінді 2 рет тыңдап, оның кімдерге арналғандығын анықтаңыз.
Азаматтығы бар робот 2015 жылы Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алады. Әлемнің әртүрлі бөлігінде қаншама сұхбатқа қонақ болған киборг 2017 жылы Сауд Арабиясының азаматтығын алды. Бұл елде азаматтық беру процесі қатаң әрі ұзақ екенін ескерсек, адамның қолы қиындықпен жететін фундаменталды құқыққа темірден жасалған «әйел» ие болғаны жасанды интеллектінің болашағы барын көрсетсе керек. Осыдан бұрын Сауд Арабиясы шөл далада NEOM деп аталатын «ақылды қала» салатынын мәлімдеген еді. Араб мемлекеті ханзадасының айтуынша, толықтай күн мен жел энергиясы есебінен электр қуатын өндіретін, өзін-өзі басқарушы интеллектуалды көлік жүйесі бар қалада тірі адамнан роботтың саны басым болады. Шетелдік ақпарат көздері әлі құрылысы аяқталмаған қаланы қазірдің өзінде «Роботтардың Меккесі» деп атайды. Новосібірлік ғалымдардың көмегімен орыс тілін меңгерген Софияның қабілеті күн сайын жетілдіріліп отырады. Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен адамзат баласының көзін жойғым келеді» дегені оған ерекше танымалдылық сыйлады. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтер көп. Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос. Ол бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар қояды және олардың әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір Элизаның әлдеқайда жетілдірілген нұсқалары бар. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны қабырғасында қызмет етеді. Біз роботтарды алғашында адам денсаулығына зиянды ауыр жұмыстарды атқару, ақыл-ой еңбегіне салмақ түсіретін қиын есептеулерді аз уақытта жүзеге асыру, осылай жұмыскерлер өміріне төнетін қауіпті кейін шегеріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін құрастыра бастасақ, соңғы кездері темір интеллектуалдарға барынша адамға ғана тән қасиеттердің бәрін енгізуге күш салып жатырмыз. Сондықтан роботты бәсеке жағдайында адамзат баласын да шаң қаптырып кететін қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам басқаруынан шығып кетуіне әкелуі де мүмкін шығар деген қауіп бар.
Көзделген аудиториясы кімдер?
2. Мәтіннің негізгі ойын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
3. Мәтіндегі мәселеге қатысты автор көзқарасын анықтаңыз. Дәлелдер келтіріңіз.
Решение:
1.Бұл мәтіннің көзделген аудиториясы ғылым саласындағы белсенді адамдарға арналған деп еесептеймін.Олардың осындай туындыларның болашаққа деген әсерлерін анық көрсеткен.Сол арқылы олардың жасап жатқан қызметтерінің халыққа тигізер нәтижесін баяндаған.Сонымен қатар оқырмандарға да тікелей қатысты болып келеді.Осындай роботтар әрине адам баласы қызығуға тұрарлықтай.Дегенмен,бұндай туындылар келешекте адамдардың өзіне кері әсерін тигізетінін де ескерген жөн болар.
2.Мәтінді оқи отырып,әлемдегі көптеген мемлекеттердің ғылым саласында технологиялық жағынан ерекше қарқында дамып жатқанын байқауға болады.
3.Мәтіндегі мәселеге қарсы автордың жазғанына қарап оның ойының қарсы екенін білуге болады.Автордың «Роботты бәсеке жағдайында адамзат баласын да шаң қаптырып кететін қасиеттерге бейімдеу бір күні олардың адам басқаруынан шығып кетуіне әкелуі де мүмкін шығар деген қауіп бар» деген пікірінен теріс ойда екенін түсінуге болады.Яғни,бұндай роботтардың дәл адам тәріздес болып қалыптасуы болшақта тірі адамзат баласына өте теріс жағынан әсер ететінін жеткізкісі келді.