СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Қазақстандағы туризм және экотуризм

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Задание:

1. Мәтінді 2 рет тыңдап, берілген ақпараттар бойынша туризм түрлерін анықтаңыз.

Қазақстанда қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар: этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәденитанымдық туризм, аңшылық пен балық аулау, т.б. Этнотуризм – Қазақстандағы елдің тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын, жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады. Тау туризмі Қазақстан – тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, жабайы табиғатпен кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен қатар жол-жөнекей жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады. Емдік-сауықтыру туризмі Дамушы еліміз – емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі еліміз тек емдік табиғи ресурстарға ғана бай емес, сонымен бірге табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделу мен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар – түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады. Мәдени-танымдық туризм Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.

2. Туризмнің бір түрін таңдап, оны елімізде дамыту туралы пікірлеріңізді SWOT талдау түрінде ортаға салыңыздар.

Решение:

1.Туризм түрі:

1)Мәдени-танымдық туризм

2)Тау туризмі

3)Емдік сауықтыру туризмі

4)Этнотуризм

2.Емдік сауықтыру туризмі

Мықты жақтары:Адамдардың денсаулығы үшін барлық жағдайлар жасалып,ауырмай жүрудің түрлі жолдары көрсетілген.

Әлсін жақтары:Көптеген адамдардың қалтасы көтере бермейді.

Мүмкіндіктері:Елдегі әртүрлі шипажайлар адамдардың денсаулығы үшін ерекше демалу тәсілдерін жетілдіріп қойған.

Қауіпті жағы:Емдік дәрілер немесе шөптердің түрлерін қолданудың әсерінен табиғи ресурстардың мөлшерінің түсуі.