СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Қазақстандағы туризм және экотуризм

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Задание:

Ұсынылған рөлдерді таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз. Диалог мазмұнында берілген сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

1. Туристік агенттік қызметкері мен саяхатшы 2. Туризм және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің маманы мен тілші 3. Шетелдік саяхатшы мен гид 4. Эколог пен тілші

Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе, айып болмаса, қарсы болмасаңыз, рұқсат етсеңіз, мүмкін болса, қалауыңыз білсін, қош келдіңіз, көріскенше күн жақсы, рақмет, оқасы жоқ, құрметіңізге рақмет, мархабат, қиын болмаса, ғафу етіңіз, сапарыңыз сәтті болсын!

Решение:

1. Туристік агенттік қызметкері мен саяхатшы

Саяхатшы:

-Сәлеметсіз бе!

Қызметкер:

-Сәлеметсіз бе,біздің туристік орталығымызға қош келдіңіз!Менен сізге қандай көмек қажет ?

Саяхатшы:

-Рақмет,айып етпесеңіз маған демалу бөлмесінің қайда екенін айта аласыз ба?

Қызметкер:

-Әрине,мүмкін болса,маған жеке куәлігіңізді көрсетесіз бе?

Саяхатшы:

-Әлбетте,мінекей алыңыз.

Қызметкер:

-Сіздің демалу бөлмеңіз бесінші қабатта орналасқан екен.Қарсы болмасаңыз сізге менің көмекшім жолды көрсетіп жіберсін.

Саяхатшы:

-Әрине,тіпті жақсы болар еді.Сізге көп рақмет!

Қызметкер:

-Құрметіңізге көп рақмет,сау болыңыз!

Көмекші:

-Мархабат, жүріңіз.Рұқсат етсеңіз,жүгіңізді мен алайын.

Саяхатшы:

-Мінекей,көп рақмет.