СОР № 1 Казахский язык и литература 9 класс Қазақстандағы туризм және экотуризм

Назад
Казахский язык и литература - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 4 четверть

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Задание:

Сіз Қазақстандағы туристік агенттіктің қызметкерісіз. Еліміздегі туристік аймақтарға саяхаттауды ұйғарған адамдарға арнап нұсқаулық жазыңыз. ________

Решение:

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ықпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға баса мән беру қажеттігін айтты. Елімізде туристер үшін тартымды бірегей табиғи орындар аз емес. Соның бірі – Қостанай облысындағы Науырзым қорығы. Алайда өңірлермен арадағы көлік қатынас жүйесінің дұрыс жолға қойылмағандығы ел ішінде саяхат жасау мүмкіндігін шектеп отыр. Науырзым қорығының музейі. Мұнда жергілікті тұмса табиғаттың бай әлемі барынша көрініс тапқан. Ал енді жабайы табиғатқа жақын болғыңыз келсе, қорықтың көрікті жерлерін көзбен көріп, тамашалауға болады. Биыл туристер үшін топырақ бедері ерекше Тірсек орман алқабына жаңа бағыт ашылды.

Біздің жеріміз киелі мекендер мен көрнекі орындарға бай. Қазақ жеріндегі тарихи орындарға байланысты айтылатын аңыздары мен оқып, білуге болатын том-том тарихы бар. Алайда, сол қасиетті мекендеріміз жайлы жарнамалай алмаймыз, мүлде насихаттамаймыз.

Қазақстанда саяхаттауға тұрарлық жерлердің саны өте көп.Олардың туристерге тигізетін пайдасы зор.Яғни,еліміздің бай жерлерімен ғана танысып қоймай,тарихи құндылықтарды да насихаттай алады.Сондай саяхаттауға арналған жерлердің қатарына Шымбұлақ,Түркістан,Шарын шатқалы,Балқаш көлі,Бурабай,Байқоңыр,Хан Тәңірі шыңы,Ақсай сынтастары,Сақ қорғандары,Бекет ата жерасты мешіті,Қайыңды көлі жіне т.б.