СОР № 1 Казахский язык 9 класс Отбасы және демографиялық өзгеріс

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Отбасы және демографиялық өзгеріс

Задание:

Мәтінді мұқият оқыңыз. Кез келген мемлекеттің дамуына халық саны ықпал етеді. Ендеше еліміздегі демографиялық жағдай қандай деген сауалға мәтін ақпараттарын салыстыра отырып, жауап іздеп көріңіз.

Решение:

Кез келген елдің демографиясы ішкі саясат, экономикаға тікелей әсер етеді. Демографиясы мықты елдер әрқашан өзге елдерге әсер ете алады. Қытай өзінің демографиялық ахуалының арқасында қазіргі жағдайына қол жеткізді. Қазақстан өзінің территориясын сақтап, қауіпсіздікті ойлау үшін демографиялық ахуалды жақсарту қажет. Ол үшін туу көрсеткішін арттырып, өлім деңгейін төмендету этникалық қазақтарды атамекеніне көшіп келуге ынталандыру міндеті тұр.Қазақстанда бұл міндет толығымен орындалып жатыр деуге толық негіз бар. Себебі Қазақстандағы халық санын арттырып, демографиялық ахуалды жақсарту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Оның ішінде көші-қон саясатын ерекше атап өтуге болады. Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылдарға арналған көші-қон тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оған сәйкес, екі жылда халық санын өсіріп, түрлі тарихи жағдайларға байланысты елден жыраққа кеткен этникалық қазақтарды атамекенге қоныс аударуға ынталандыру, елге келгеннен  кейін де жағдай жасау.

Суретте көрсетілген статистикаға сенсек,еліміздегі жағдай жыл өткен сайын жақсаруда.Әрине бұл біз үшін қуанатындай саяси жағдай болып табылады.Әсіресе кең байтақ жеріміздің барында халық санын көбейту шарт болып табылады.Демографиялық жағынан санымыз көбейген сайын еліміздің дәрежесі арта түсетіні анық.