СОР № 1 Казахский язык 9 класс Биотехнология және гендік инженерия келешегі
НазадБиотехнология және гендік инженерия келешегі
Задание:
1. «Ең алғашқы адам клоны» деген тақырыпта мәтінді мұқият тыңдаңыз. Тақырыпқа қатысты тиісті сөздер мен фразаларды теріп жазыңыз.
Осыдан 20 жыл бұрын, 1996 жылы Долли қойынан бастап, ғалымдар жер бетіндегі сүтқоректілерді клондай бастады. Бұл жаңалық бірқатар қиын сауалдар тудырды. Алғашқы адам клонын қашан көруіміз мүмкін? Жалпы ондай клон жасау қажет пе? Адамды клондау – келешектің ісі, алайда бүгіннің өзінде бұл мәселе қызу пікірталас тудыруда. Бедеу жұптардың басқа бар амалы таусылғанда, клондау олардың балалы болуына жол аша алады. Мұны «репродуктивті клондау» деп атауға болады. Репродуктивті клондау Бұл идеяның жақтаушылары клон бала табиғи егіздей болады деп санайды. Бірақ ол бала бауырларына емес, ата анасының біреуіне өте ұқсас болады. «Клондалған ұл немесе қыз әулеттің тең мүшесі болады. Оған басқаша қарауға болмайды. Оған да мейірім керек, ол да бақыт әкеле алады». Алайда бұл идеяға қарсы адамдар клондауды табиғатқа қарсы, теріс әрекет деп сипаттайды.»Бұл қалай болғаны? Өзімізді-өзіміз көбейтетін конвейер жасаймыз ба? Әр адам, ерекше, сонысымен де қызық. Басқаша жасау – басымызды үлкен қатерге тігу деген сөз.» Клондаудың тағы бір түрі – паркинсон, сусамыр, тіпті соқырлық сияқты ауруларды емдей алады-мыс. Мұны «медициналық клондау» деуге болады. Медициналық клондау «Мыңдаған адамдар жыл сайын керекті жасуша мен ұлпаларға жете алмай, көз жұмады. Клондау әдісі – осы зәрулікті қамтамасыз етудің жақсы жолы». Алайда біреуді аман алып қалу үшін клондалған адам ұрығын қолдан жасау және жою адамгершілікке жата ма? «Әңгіме емі табылуы ықтимал қатерлі дерттер жайлы. Клондалған ұрық өмірді сақтап қалатын ұлпа түзеді. Сөйте тұра, біз оған қарсымыз. Бұл көп адамның ақылына сыймайды».»Біз адамды ұлпа түзетін құрал ретінде сипаттай бастадық. Бұл адамзат үшін мүлде жаңа түсінік. Болашағымыз не болады сонда?». Дау-дамай толастар емес. Әзірге клондалған көптеген жануарлар ауырып, кейбіреулері ерте өліп жатқандықтан, адам клонын жасау қауіпті деп саналады. Алайда көптеген ғалымдар алдағы бірнеше жыл ішінде адам клонын жасап көру керек дейді, енді біреулері ондай жұмыстың басталып та кеткенін айтады.
2. «Адамдарды клондау қажет пе?» деген тақырыпта монолог құрастырып айтыңыз. Монолог құрастыру барысында таңдап алған тиісті сөздер мен фразаларды қолданыңыз.