СОР № 1 Казахский язык 9 класс Биотехнология және гендік инженерия келешегі
НазадБиотехнология және гендік инженерия келешегі
Задание:
Есте сақтаңыз!
1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыз.
2. Республикалық «Денсаулық» ғылыми-көпшілік журналына гендік модификацияланған тағамдардың пайдасы мен зиянын сараптай отырып, «Гені өзгерген өнімнен қауіп бар ма?» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақалаңызда сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз. __________
Решение:
2.
Соңғы жылдарда Жер шарындағы тұрғындар денсаулығына тағамның сапасы мен құрамы тікелей әсерін тигізуде.Жер шары халқының тұтынып жүрген тағамдарының құрамы биологиялық құндылығын күннен-күнге жоғалтуда.Жер шары халқының саны ғалымдардың болжауы бойынша 2050 жылы 9-11 млрд-қа жетеді екен. Сол себепті,ауылшаруашылық өнімдерін әлем бойынша өндіруді екі-үш есеге арттыру қажеттігінің туындап отырғанын халықаралық ғылыми қауымдастық бүгінгі таңда жақсы түсініп отыр. Ал ол өз кезегінде трансгенді өсімдіктер мен жануарларды қолдану арқылы ғана мүмкін болатын нәрсе.Трансгенді өсімдіктер мен жануарлар алу әдістері ұқсас болып келеді. Екі жағдайда да ДНҚ-ға бөтен ақпараттар тізбегі енгізіліп,түрдің генетикалық ақпараты түбегейлі өзгертіледі.Трансгенді өсімдіктер деп басқа түрге жататын өсімдіктің немесе жануардың трансплантацияланған гені сәтті қызмет атқарып тұрған өсімдіктерді атайды. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін,түрлі вирустар мен ауруларға,сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы үшін жасалады. Гендік өзгертілген дақылдардан алынған өнімдердің татымдылық сапасы жақсы,әрі ұзақ сақталатын,өнімді мол беретін қасиеттерімен ерекшеленеді.Жасанды гендік модификация дегеніміз не? Ол лаборатория жағдайында бөлініп алынған геннің басқа ағзаға жасанды жолмен енгізілуі.Американдық іс-тәжірибелерге сүйенсек,қызанақ пен құлпынай суыққа төзімді болуы үшін оларға солтүстік теңіз балықтарының гені енгізіледі,ал жүгері дақылы зиянкестерге жем болмауы үшін оларға жылан уынан алынған өте белсенді ген енгізіледі,ірі-қара тез салмақ қосуы үшін оларға түрлендірілген өсу гормонын енгізеді,сояға гербицидтердің әсерін азайту үшін кейбір бактериялар мен вирустардың және шырайгүлдің генін қосады.Трансгенді өнімдер алу агроөнеркәсіптің бүгінгі таңдағы тез дамып келе жатқан бағыты. Селекция тәрізді бұрыннан келе жатқан дәстүрлі бағыттың шеше алмайтын мәселелері күннен күнге көбейіп келеді. Сонымен қатар,селекцияны жүзеге асыру үшін ондаған жылдар және көп қаражат жұмсалады.Ал қажетті белгілері мен қасиеттері бар трансгенді өнімдер алу үшін аса көп уақыттың қажеті жоқ.
Біздің дастарханымыздағы кез келген тағам гендік модификацияланған болуы әбден мүмкін.Ал модификацияланған тағамның зиянды немесе зиянсыздығы туралы таластар әлі ұзақ жылдар бойы жалғаса бермек.Осы мәселені зерттеу үшін құрылған Еуроодаққа қарайтын ұйым трансгенді өнімдерді тағам ретінде пайдаланудың зиянсыздығы туралы шешім қабылдап та қойды. Алайда оған қарамастан Еуроодаққа енген кейбір елдер ғана модификацияланған өнімдерді өз елдерінде өсіруге немесе импорттауға рұқсат берген.Ал ТМД елдерінде бұл мәселеге әлі жеткілікті мөлшерде назар аударылмай келеді,сол себепті трансгенді өнімдер бізге ешбір бақылаусыз еркін түрде әкелінуде. Адамның асқазан жолдарындағы кейбір микроағзалар бөтен гендерді ұстап алып,оларды өз ДНҚ- сына енгізуі мүмкін.Осылайша жаңадан қоныстанған гендер өз қызметтерін жүзеге асыра бастайды.Олар адам ағзасына қалай әсер етеді? Мысалы,өсімдіктердің жасушасының белсенді өсуін туындататын гендер бар.Бұндай гендер түрлі ісіктерді туындатуы мүмкін. Модификацияланған картоп,соя,бұршақ өнімдері ішкі секреция бездерінің қызметін бұзып,аллергиялық ауруларды пайда болдыратыны экспериментальді түрде дәлелденді.Гендік модификацияланған өнімдердің құрамында адам денсаулығына қауіпті улы заттар болуы мүмкін.ГМ дақылдарды алудан туындайтын қауіп-қатерлерді келесі сызбанұсқадан көруге болады.
Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. ГМО өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерін шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Өйткені тағы 40-50 жылдан кейін Жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 миллиардқа дейін жетуі мүмкін. Яғни ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс та артады. Бұл мәселені ГМО арқылы бірден шешуге болады. Ал қарсыластары оның адам денсаулығына әсері толықтай зерттелмегенін алға тартады. Қалай десек те, гендік тұрғыда өзгерген өнімдер адамзат өміріне дендеп еніп келеді. Бір мемлекеттер оларды шығаруға, таратуға заңмен қатаң тыйым салса, кейбір елдерде рұқсат берілген, келесілері либерал көрқарас ұстанады.
Мәселен, қазіргі кезде Ресей Думасы ГМО өнімдерін елге кіргізуге тыйым салу туралы заң жобасын талқылап жатыр. Яғни бұл саланы мемлекеттік тұрғыда бақылауды қолға алмақ. Ал Қазақстанда бірнеше жылдан бері олардың пайдасы мен зияны туралы қанша рет талқыланса да, мәселе ашық күйінде қалып отыр. Өйткені нақты сүбелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Ал азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі шеттен келетіндіктен, сарапшылар Қазақстан дүкендерінде де құрамында гендік тұрғыда өзгеріске ұшыған компонентттері бар азық-түліктер дүкен сөрелеріне түсе бастағандығын айтады. Дегенмен ел Президенті биылғы жолдауында агросекторды дамыту мәселесіне тоқтала келіп, ГМО өнімдерінен қорқудың еш қажеттілігі жоқ деп тұжырымдады. Алайда, Қазақстанда әлі күнге ГМО өнімдеріне қатысты заңдық негіз қалыптаспады. Тек 2010 жылы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңы күшіне еніп, сол жерде бір-екі ауыз айтылады. Аталмыш заң өндірушілерді егер өнім құрамында ГМО 0,9 пайыз және одан да жоғары болатын болса, өнімдерін маркілеуді міндеттейді. Маркілік таңбаның жоқтығы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, лицензиясынан айыру немесе бұл іспен айналысуға 3 жылға дейін тыйым салу қарастырылған. Осыдан 2 жыл бұрын «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы әзірленіп, Парламентке жолдаған болатын. Сол кезде Ұлттық биотехнологиялық орталықтың директоры Ерлан Рахманқұлов бұл заң бір жылдың ішінде қабылданады деп мәлімдеген еді. Алайда талай талқылаудан өтсе де, нақты шешім қабылданған жоқ. Ақпан айының басында ауылшаруашылыгы министрлігі таратқан ақпаратта бұл заңның әлі күнге Парламенттің төменді палатасында жатқандығы айтылады. Гендік модификацияланған ағзалар дегеніміз – гендік инженерия көмегімен жасалған тірі ағзалар мен азық-түлік өнімдері. Бұл өзгеріс өсімдік геніне жануалардың генін енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы, құрамында ГМО кездесетін өнімдерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ құрамы гендік өзгеріске түскен азық-түліктер (трангендік бұршақ, соя), екінші топ – трангендік шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған азық-түлік өнімдері (соя сүті, қызанақ пастасы, соя қосылған түрлі шұжықтар, чипсы, бұршақ өнімдері). Үшінші топ – трансгендік жеміс-жидек пен көкөністер. Гендік инженерияның иновациясы саналатын бұл тәсіл өсімдіктер әлемінде кеңінен пайдаланылады. Ең алғашқы гененикалық негізі өзгертілген ағза – ішек таяқшалары болған. Ал 1978 жылға қарай трансгендік адам инсулині пайда болды. Ол қазіргі кезде дәрі-дәрмек шығаруда кеңінен қолданылады. Гендік тұрғыда өзгертілген ең бірінші өсімдік – темекі. Бұндай өзгеріс өсімдіктердің өнімділігін арттырып, қуаңшылыққа, түрлі ауруларға, құрт-құмырсқаларға төзімділігін жоғарылатады. Алғаш рет азық-түлік нарығында трансгендік өнімдер АҚШ-та 1994 жылы пайда болған. Бұл ұзақ сақталатын қызанақ пен соя еді. Осыдан кейін өндірушілер азық-түлік нарығына бірінен соң бірі түрлі трансгендік өнімдерді ұсына бастады. Қазіргі кезде АҚШ-тың азық-түлік өндрісінің 70-80 пайызына ДНҚ-сы өзгертілген құрамдас заттар кіреді. Ал БҰҰ-ның экономикалық әріптестік және даму ұйымының мәліметін сүйенсек, қарзіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде картоптың гердік тұрғыда өзгертілген – 24, сояның –11, бұршақтың 32 түрі бар екен. Одан бөлек қант қызылшасының үш түрі, күріштік 5 түрі, қызанақтың трансгендік 8 түрі тіркелген. Гендік модифкацияланған өнімдер табиғи өнімдердан анағұрлым арзан болғандықтан, азық-түлік өндірушілер үнемдеу мақсатында пайдаланады. 2000 жылы биоқауіпсіздік туралы Картахен келісімі қабылданған. Бұл құжатта көптеген мемлекеттердің ГМО өнімдеріне қатысты көзқарасы белгіленеді. Оған 166 мемлекет қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл құжатта зияндылығы дәлелденген жағдайда, кез-келген гендік тұрғыда өзгертілген өнім зиян деп танылсын деп жазылған. Алайда ондай өнімдердің зияндылығын дәлелдеу оңай емес.