СОР № 1 Казахский язык 9 класс Бұқаралық ақпарат құралдары

Назад
Казахский язык - 9 класс, Қазақша 🇰🇿 3 четверть

Бұқаралық ақпарат құралдары

Задание:

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтінде айтылған ойға көзқарастарыңызды білдіре отырып, дебат өткізіңіздер. Сынып оқушылары жеребе тастау арқылы үкімет (3), оппозиция (3), әділқазы мүшелері (3), жүргізуші (1), timekeeper/уақытты есептеуші (1), көрермендер (сыныптағы қалған оқушылар) болып бөлінеді.

Әлеуметтік желілер БАҚ-тың бағы ма, соры ма? Соңғы кезде әлеуметтік желілер БАҚ-тың орнын басады деген сөздер жиі айтылады. Тағы бірде белгілі әнші Сәкен Майғазиев «Твиттерде менің 5 мың оқырманым бар, ал елімізде 5 мың оқырманы бар газеттер көп, сондықтан да мен бір газеттің бас редакторы секілді жүк арқалаймын» дегені бар еді. Тіпті бұл тақырыпқа орай таусылмас дисскуссиялар жүргізе беруге болатындай. Мәселен, БАҚ зерттеушісі Джоанна Блэкли әлеуметтік желілер соңғы уақыттарда дәстүрлі БАҚ құралын басып озды дейді. Әлеуметтік желілердің феномені ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығында-ақ танылып үлгерді және көптеген БАҚ электронды нұсқаға өтіп, әлеуметтік желілердегі маркетинг қарқын алды. Бүгінде газет-журналдар мен электронды басылымдар Facebook, Twitter және Вконтакте секілді желілерді ақпарат алу мен таратуда пайдаланып отырғаны анық. Мәселен, әлеуметтік желілерде ашылған медиа-басылымдар (басылымның жеке парақшасы) БАҚ-тың дамуына мынадай пайда әкелуде: — Оқырманмен тікелей байланысу үшін қолданушылардың тізімі мен координаттарын білу; — Кері байланыстың болуы, белгілі бір оқиғаға қатысты пікірлесу, аудитория жинау, осы орайда аудиторияның белгілі бір ақпаратқа байланысты орнын білу; — Қолданушының БАҚ-тың ресми сайтына материал жариялай алуы; — Онлайн-басылымдар мен блогтарды дамыту; — Жарнамалық іскерлікпен айналысу, оны дамыту; — Журналистердің белгілі бір оқиғаға, тақырыпқа сұхбат, пікір, сауалнама жинау мүмкіндігі, сурет алмасу; — Тікелей эфирдегі оқиғаға (спорт, мемлекеттік сот отырысы мен билік өкілдерінің жиыны, төтенше жағдайлар орындары, сайлау және т.б.) трансляция ұйымдастыру мүмкіндігі. Ал бірқатар маман әлеуметтік желілердің БАҚ құралына бәсеке келтіре алмайтын себептерді алға қояды: — Жарияланатын немесе жеткізілетін ақпараттың рас-өтірігі анық емес. Естеріңізде болса, «утка-ақпараттар» соңғы кезде халықты абыржытқаны бар. Оның бірі «Голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприоның қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың рөлін сомдайды» деген ақпарат лезде таралып, бұқараның есін шығарғаны бар. — Екінші бір себебі ақпарат өз кезінде жылдам берілетін болғандықтан журналистің ақпаратты дұрыс жеткізбеуі: қате пікірлер, түсініксіз сөйлемдер, грамматикалық, лексикалық қателіктер. — Негативті ақпараттың лезде таралуы. Қалыптасып келе жатқан жасөспірімнің психологиялық ауытқушылықтар туғызатын ақпарат, видео, суреттер көруі. Мұндай ақпараттар тасқыны БАҚ абыройы мен әлеуметтік желінің брендіне жасалатын «қара жарнама».

Решение скоро появится, попробуйте зайти завтра