СОР № 1 Казахский язык 9 класс Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік
НазадӘлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік
Задание:
Есте сақтаңыз!
1. Берілген аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады. Қазақстан тарихта алғаш рет Орталық Азия елдерінен суырылып шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, келер жылдан бастап еліміз аталған беделді ұйымға төрағалық етеді. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Украина бірігіп, әлемдегі қақтығыстар мен соғыстарды болдырмаудың жолдарын талқылады, бейбітшілікке шақыратын үндеу қабылдады. Соңғы бес жылда әлемде 15 жаңа қақтығыс туындап, олардың бірі де шешілмеген және бұл қақтығыстардың көпшілігі ашық қарулы шиеленіске ұласып отыр. ____________
2. Ертең мектебіңізде «Жастар соғыссыз болашақ үшін!» тақырыбында жастар форумы өтеді. Сіз сол форумның қорытындысында көшбасшы ретінде сөз сөйлеп, қатысушылар атынан үндеу хат мәтінін жариялауыңыз керек. Тақырыбы: «Жастар лаңкестіккке жол бермейді!» Үндеу хатыңызда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. ___________
Решение:
1.Қырық бесінші жылы соғыс аяқталып, жұрт мәре-сәре болды, ел қайтадан бұрынғы қалпына келе бастады.(бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.)Қазақстан тарихта алғаш рет Орталық Азия елдерінен суырылып шығып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, келер жылдан бастап еліміз аталған беделді ұйымға төрағалық етеді. (бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.)Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусия, Украина бірігіп, әлемдегі қақтығыстар мен соғыстарды болдырмаудың жолдарын талқылады, бейбітшілікке шақыратын үндеу қабылдады.(бағыныңқы,басыңқы,басыңқы.)Соңғы бес жылда әлемде 15 жаңа қақтығыс туындап, олардың бірі де шешілмеген және бұл қақтығыстардың көпшілігі ашық қарулы шиеленіске ұласып отыр. (бағыныңқы,басыңқы.)
2.Бүгінде террорлық ұйымдардың астыртын іс-әрекеті жекелеген мемлекеттерді ғана емес, әлемдік қоғамдастықты да қатты алаңдатып отыр. Себебі,олардың саны күн санап артып келуде. Сондықтан қоғамға, елге қауіп-қатер төндірген жат діни ағымдардың құрбаны болмауғашақырғым келеді. Болашақ ұрпақ ретінде теріс ағымдардың арбауына түсуден сақ болайық деп үндегім келеді. Теріс ағымды таңдап, кейін қате жолды таңдағанын түсініп, бармақ тістеген жандар аз емес.Сондықтан бүгінде болып жатқан террорлық ұйымдардың астыртын іс-әрекетінен абай болайық!Жастар – қоғамның басты қозғаушы күші. Жастар – еліміздің болашағы. Еліміз егемендікке қол жеткізген тұстан бастап осы қағиданы берік ұстанды. Жастардың мемлекет дамуы мен өркендеуіндегі басымдылыққа ие орнын анықтай отырып, жастарды қолдаудың түрлі бағдарламалары қабылданды және өзінің жемісті нәтижесін берді деп айтуға толық негіз бар. Ондай мемлекеттік бағдарламалар қатарында жастардың озық елдердің тәжірибесі мен білімін игеруге күш жұмсаған «Болашақ» бағдарламасы және де «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!» атты мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Бұл егемендіктің алғашқы күндерінен ақ жастар мәселесінің мемлекет назарынан тыс қалмағандығының басты дәлелі. 2019 жыл – осы тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы ретінде «Жастар жылы» деп аталды. Сөзсіз Елбасының жастарға деген зор құрметі мен ыстық ықыласы тәуелсіздік жылдарында анық байқалып, іс жүзінде орындалғанына жас буын куәгер. Аталған бастама жастарға деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрсеткіші. Алар асуымыз, бағындырар белестеріміз және болашағымыздың баяндылығы үшін бағытталған мерейлі жыл жалынды жастардың қалыптасуына көп септігін тигізгеніне сеніміміз мол!