СОР № 1 Казахский язык 9 класс Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
НазадТабиғи ресурстарды тиімді пайдалану
Задание:
Мәтінді мұқият оқып, абзацтар мен бөліктерге бөліңіз. Ақпараттар мен идеяларды дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізіңіз.
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қауіпі төніп тұрған заттар жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым. Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су – ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылатын, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғыммен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Решение:
Кіріспе
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қауіпі төніп тұрған заттар жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым. Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты.
Негізгі бөлім
Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су – ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылатын, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.
Қорытынды
Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғыммен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.